Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма: министрліктің петицияға қатысты жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев интернетте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы петицияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев интернетте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы петицияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында шенеунік министрлік ескертулерді мұқият қадағалап отырғанын айтты.

"Мәселе мынада, ережеге сәйкес, алдымен петиция нәтижесін күтуіміз керек, содан кейін бұл нәтижелерді қараймыз. Қазір бұл туралы айтуға ерте. Қазір бұған қатысты министрліктің ұстанымын жариялау мүмкін емес – қазір басқа мемлекеттік органдармен бірге ведомствомыз қабылдаған ресми ұстанымды ұстанамыз", - деді вице-министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Төребаевтың айтуынша, петиция бойынша шешім желтоқсанда қабылданады.

"Оны барлық мемлекеттік органдармен қарастырамыз. Қазір желтоқсанда шешілетін мәселені болжамды түрде талқылаймыз. Егер шекті 50 мың дауыс шамасына жетсе, үкіметте жұмыс қайта басталады, ол қанағаттандыру (петицияны – еск.) немесе қазіргі сағаттық режимді қалдыру мәселесін қарастырады", - деп қосты Төребаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.7  course up  589.98  course up  6.39  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer