01 қазан 2024 | 08:50

Қазақстанда такси жұмысының ережелері өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс аясында автомобиль көлігі туралы заңға такси қызметі ережелерін өзгертетін түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Tengri Auto.


Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс аясында автомобиль көлігі туралы заңға такси қызметі ережелерін өзгертетін түзетулер күшіне енеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Былтыр Парламент қабылдаған жаңа түзетулер такси тасымалдаушылары мен мобильді таксиге тапсырыс беру қосымшалары операторларының қызметіне қатысты. Көлік министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша, жаңа ережеге сәйкес:

  • әкімдікке такси тасымалдау жөніндегі қызмет ұсынатыны туралы хабарлама берген жеке тұлғалар такси қызметімен айналыса алады;
  • такси тасымалдаушысы такси жүргізушісімен еңбек шартын жасауға міндетті;
  • қызметін бастағаны туралы әкімдікке хабарлама берген жеке тұлға, яғни такси тасымалдаушыны бақылау таксиге тапсырыс алатын мобильді қосымшаның операторына жүктеледі.

Еске салайық, Қазақстанда такси жүргізушілеріне міндетті медициналық тексеру енгізілмек. Жаңа ереженің қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз. Көлік министрі Марат Қарабаев бұл 2025 жылдан ерте болмайтынын айтты. 
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети