Қазақтар енді несие алып Ресейден тауар таси бастады

02 Ақпан 2015, 11:56
0

2014 жылдың соңғы айларында қазақстандық банктерден несие алушылардың саны күрт өскен. Банк секторының мамандары «бұл тікелей қазақстандықтардың жапппай Ресейден арзан тауар тасып жатқанына байланысты» дейді.
Бұған қатысты елдегі Халық банкінің өкілі Берекет Рысалиев «Желтоқсан айында халықтың басым бөлігі Ресейден арзан тауар тасып қалуға барын салды. Осыған қарап есептесек, әрбір несие алудың орташа көлемі 930 мың теңгені құраған. Осы аралықта бір адам шамамен осынша көлемде несие алған. Тіпті өткен жылдың қараша-желтоқсан айымен салыстырғанда, 2015 жылдың қаңтар айының өзінде елдегі несие алу көрсеткіші шамамен 20 пайызға өскен. Біз мұны тікелей Ресей рубльінің құнсыздануымен және Ресейдегі тауардың бізбен салыстырғанда арзандығымен байланыстырып отырмыз» деді.

Сондай-ақ, Евразиялық банктің өкілдері де бұл уәжді жоққа шығармайды. Аталмыш банк мамандарының да байыптауынша, 2014 жылдың соңғы айларынан бері несие алу көлемі күрт өскен. «Рубльдің құнсыздануы, Ресейдегі тауардың арзандауы, екі ел арасындағы шекараның ашықтығы қазақстандықтардың емін-еркін арзан тауар тасуына мол мүмкіндік берді. Сондықтан да елдер несие алуға ықыласты болды. Несиені халықтың басым бөлігі Ресейден арзан көлік, тұрмысқа қажетті техникалық заттар алу үшін тұтынуда» дейді бұл банктің мамандары.
Сөйтіп, бірқатар банк секторының мамандары қазақстандықтардың көрші елден арзан тауар тасу үшін тіпті несиеге батып жатқанын жоққа шығармайды.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай