23 қазан 2014 10:34

Қазаныңызда қойдың емес, шаянның басы қайнап жатқан жоқ па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Мөңке би атамыз ақырзаман таяғанда қазақтың ұрпағы ұсақталып, бақа-шаянға айналады деп болжаған екен. Ақырзаманның қашан болатыны, әрине, бір Аллаға ғана аян нәрсе. Дегенмен, қазірдің өзінде шаянды атасынан қалған астай сүйсініп жейтін қазаққа таң қалуға болмайды.


 Мөңке би атамыз ақырзаман таяғанда қазақтың ұрпағы ұсақталып, бақа-шаянға айналады деп болжаған екен. Ақырзаманның қашан болатыны, әрине, бір Аллаға ғана аян нәрсе. Дегенмен, қазірдің өзінде шаянды атасынан қалған астай сүйсініп жейтін қазаққа таң қалуға болмайды.

Әсіресе, сырақұмарлар үшін шаян таптырмайтын «закускі». Қысқышын құшырлана сорып, құйрығындағы бір шөкім майын шағып алғанша дегбір таппайтын ағайындар аз емес. Содан да болар Оралда шаян сатушылардың дәурені жүріп тұр. Қай базарға барсаң да алдыңнан шаян толы себет арқалаған саудагер шыға келеді. Бағасы удай. Келісі 1200 теңге. Бұл ортан қолдай жылқы етінің құны. Сонда да қазекем орыспен жағаласып жүріп шаянды жылқы етінен кем көрмей алады. Алғанда да шекесінен шертіп тұрып таңдайды. «Мынауыңның түрі бозғылт, анауың сірә көлдікі емес өзендікі» дейді және. Ұсынған тауарды қомсынып, «арық» деп алмай кететіндер де бар. Еттің арық-семізін айырмасақ та, шаянның арық-семіздігін тап басып танитын эксперт болып алдық қазір.

Сөйтіп, жарнамасы мықты жәндіктің базардағы жағдайын білуге бардық. «Шаяншылап» шыққан адамға сатушы үйір. Алдымызды кес-кестеген базаршылар «менікін ал да менікін ал» деп зар қағады. «Судан жаңа шыққан «сібежий» дегесін бет-аузын орамалмен тұмшалап алған келіншектің себетіне үңілдік. Себеттің сым торына қысқышымен мықтап жабысып алған дәу шаянның мұрты жыбырлайды. Құдды тірілігін, «сібежийлігін» дәлелдегендей тұтаса біткен сауыт бастың екі жағындағы ноқаттай көздері жылтырап тұр.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети