03 шілде 2014 13:54

Киіз үй тас үйдің тасасында қалғаны ма?!

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) @Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Сыр өңірінде Қалғансыр деген елді мекен бар. Шап-шағын қоныс. Сырдарияның бойында қоныс тепкен. Жаңақорған ауданына қарайды. Өзгелер Қалғансыр дегенде қазақ үшін қастерлі киіз үйді ойға алады. Солай болатын жөні де бар секілді. Кезінде бұл елді мекенде киіз үй дайындалған. Ұзақ жылдар бойы жергілікті жұрт сол кәсіппен айналысып келді. Қойшыларға киіз үй дайындап беретін. Өкінішке қарай, соңғы жиырмажылдықта киіз үйге сұраныс болмай қалды. Қаншама ғасырдан бері киіз үйді кәделі дүниеге санап келген көшпенді ұлттың өкілдері төрт қабырғасы тас үйге бой үйретіп, киіздің қасиетін түсіне алмайтын жағдайға жеткендей. Қазақтың киіз үй жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.

Бағзы заманнан көшпелі тіршілікте өмір сүрген қазақ халқына киіз үй өте қолайлы баспана еді. Ерте кездің ескі шежіресін жадына тоқыған қазыналы қарттарымыз оның екі мың жылдан астам тарихы бар екенін айтады. Киіз үй бір жерден екіншісіне көшкенде тігу мен жығуға өте қолайлы болды. Қысқасы, ұлан-ғайыр даланың арғы-бергі қиырына қоныс аударып үйренген қазақ халқы үшін одан қолайлы баспана жоқ-ты. Қазір ата-бабадан аманатқа айналған жәдігерді тек мақтаныш тұтамыз. Тек деген сөзді текке айтып отырған жоқпыз.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети