02 қыркүйек 2014 11:54

Клиптеріміз жауыздықтың жаршысына айналған ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

walls4joy.com walls4joy.com

Өкінішке қарай, көпшіліктің талғам таразысын төмен тартатын туындылар күн сайын емес, сағат сайын теледидардан беріліп көзді сүйелдеп бітті. Әнші біткеннің бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Арасында өнер көшінің санын емес, сапасын түсіріп, бір қарын майдың обалына қалып жүргендеріне айтар назымыз бар. Кез келген туынды кино болсын, клип болсын ортаға тастар ойы, тағылымы, тәлімі болуы керек емес пе? Алайда қалай болса солай түсірілген клипсымақтар қаптап кетті. Көрермен ләззат алудың орнына безіп қашардай күйге түсті. Клиптердің басым бөлігі сүйгеніне жету үшін үйден қашып кеткен қыз, ғашығы қарамай кеткен соң өзін өлімге қиған жігіт, дегеніне жете алмаған соң бәсекелесінің басын алатын қанішерлерді насихаттауға көшкендей. Тіпті кейбіреулері адам өлтірудің неше түрлі айла-шарғысын соқырға таяқ ұстатқандай үйретуді көздейтін сықылды. Скрипкашы Лананың соңғы түсірілген клиптерінде дүниежүзін шарпыған алапат соғыс, жер сілкінісі, тасқыннан қырылған жұртты... нысанаға алыпты. Қарап отырып жаның түршігеді. «NN-бек» тобының «Жоқ» деген әніне түсірілген клипте де адам қанын жүктеудің жоғары дәрежесіне көз жеткізесіз. «Ұлытау» тобының клиптері жоғары сапалылығымен тамсандырып жүр. Алайда «Жұмыр қылыш» атты клипте бір әттеген-ай дегізетін эпизоды бар. Киіз үйге кіріп келген жігітке қарай кесе толы қымызды лақтырады. Қазақша боевиктің таптырмас үлгісі деуге болады. Бірақ ақты төкпе деп, төккенді сөгетін салтымызды санадан сызып тастаған сынды. Тізе берсең тіптен көп...

Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаймыз деп «басын жарып, көзін шығарып» жүргендер де жетерлік. Жаздың аптап ыстығында сеңсең бөрік не түлкі тымақ киіп терлеп-тепшіген сақалы қауғадай шал, жап-жас келіншекке кимешек кигізіп, қазақ деген осындай халық деп білместігімен күлкіге қалып жүргендерін бағамдамайды. Атам қазақ жазда киетін киімді білмей өткендей-ақ. Ұлттық киімдердің қай кезде қалай кию керектігінің өз орны бар. Өздері білмесе, білетін мамандардан ақыл сұраса қайтеді?! Ақты төкпеу, үлкеннің алдын кеспеу, ауылға қарай атпен шаппау деген сияқты бойымызға сіңген асыл қасиеттерді мансұқтап, жас ұрпаққа жеккөрінішті етіп әсірлегенде ұтары не?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети