15 шілде 2024 | 11:40

Көлік жүргізуден қатты қорқу неге қауіпті болуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көлік жүргізуден қатты қорқу жолдағы қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Бұл жайлы "Газете.Ru"-ге психотерапевт Евгений Фомин айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көлік жүргізуден қатты қорқу жолдағы қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Бұл жайлы "Газете.Ru"-ге психотерапевт Евгений Фомин айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көлік жүргізуден қорқу қалыпты нәрсе. Кәсіби мамандардың өзі қорқуы мүмкін. Қорқыныш сезімі көлік жүргізушісін жолдағы көптеген жағымсыз жағдайлардан қорғап қалады. Алайда қатты қорқу адамда "ұр, қаш немесе қатып қал" күйзелістік реакциясын тудыруы мүмкін. Мысалы, жүргізуші қорқыныштан сілейіп қалуы мүмкін, сондықтан оның әсер ету жылдамдығы төмендейді. Бұл жиі жол апатына әкеледі", - деп түсіндірді маман.

Евгений Фомин көлік жүргізуден қорқатын адамдарға психотерапевтке баруға немесе өз-өзіне нақты неден қорқатынына шынайы жауап беруге кеңес берді. Мысалы, егер жол-патрульдік полициясы тоқтатады деп қорықсаңыз, жағдай қалай аяқталуы мүмкін екенін ойлаңыз. Әдетте, ол айыппұл салумен ғана шектеледі. Яғни, адам бұл жағдайдан өтуге болатынын және ол сонша қорқынышты жағдай емес екенін түсіну керек.

"Екіншіден, көпшілік жүргізуші жол-көліктік оқиғасынан қорқады, алайда көпшілік апаттық жағдайлар шешіледі. Біз оларды күнде көріп жүрміз: жүргізушілер көліктен шығып сөйлеседі, полиция шақырады, протокол толтырады және сақтандыру компаниясына барады. Ал қайғылы жағдайлар сирек кездеседі. Көпшілік жүргізуші көлікті күнде қолданады және аман-есен үйіне оралады. Сондықтан бұл жерде егер жол қозғалыс ережесін бұзбасаңыз, апатқа түсу қаупі қаншалықты жоғары екенін дұрыс бағалау керек", - дейді Евгений Фомин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети