11 желтоқсан 2015 14:35

Кітап оқымайтын ару. Кеш қалай шоуға айналды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен "Қазақстан аруы 2015" Ұлттық конкурсы басталар кезде теледидар қарамайтын жұрт түсініксіз жайтқа тап болды. Көресіні көреріміз әлі алда екен сөйтсек. Қазақстанның ең басты конкурсы жиналған қонақтарды қақпанға түсіргендей. "Пирамидаға" (халық арасында Бейбітшілік және келісім сарайы осылай аталады) келген қонақтар бірнеше сағат бойы теледидар қарауға мәжбүр болды. Сол теледидардың ішінде өздері де өмір сүріп жатқандай. НТК телеарнасында жүріп жатқан жарнаманы бәріміз көрдік. Құдды бір "Труманның шоуы" фильмі дерсіз. Болып жатқанның бәрі өмірде емес, иллюзия секілді әсер қалдырды. Барып тұрған шоу.     


Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен "Қазақстан аруы 2015" Ұлттық конкурсы басталар кезде теледидар қарамайтын жұрт түсініксіз жайтқа тап болды. Көресіні көреріміз әлі алда екен сөйтсек. Қазақстанның ең басты конкурсы жиналған қонақтарды қақпанға түсіргендей. "Пирамидаға" (халық арасында Бейбітшілік және келісім сарайы осылай аталады) келген қонақтар бірнеше сағат бойы теледидар қарауға мәжбүр болды. Сол теледидардың ішінде өздері де өмір сүріп жатқандай. НТК телеарнасында жүріп жатқан жарнаманы бәріміз көрдік. Құдды бір "Труманның шоуы" фильмі дерсіз. Болып жатқанның бәрі өмірде емес, иллюзия секілді әсер қалдырды. Барып тұрған шоу.     

Кештің жүргізушілері қонақтардың көңілін көтерумен болды, олар барлығының да тікелей эфирге түсетінін айтты, оларды сөйтіп туыстары мен жақындарының көретінін қуанышпен хабарлап жатты.

Осы шоу қайта-қайта жарнамаға ауысып кете берді. Қонақтарға дәрі-дәрмектің, кока-коланың, ұялы байланыс тарифтерінің, шоколад батондарының, тіпті еркектің қауқарын күшейтетін құралдың жарнамасы көрсетілді... 

"Тікелей эфир" деп аталған ойынның ережесі осындай болды.

Бір уақта залда отырғандар түгелдей өз үйінде, диванда, теледидар алдында отырғандай күй кешті. Біреу-міреу пісте алып шығардай болды, бірақ жиналғандар шоколад пен сусындарын алып шығып жатты. Ал сарайдың персоналы адамдардан залда жеп-ішпеулерін сұрады. Оларды тыңдайтын жұрт па? 

Жарнама бірінен соң бірі беріле берді. Адамдар не көріп отырғанын ұмытып қалып, әдет бойынша арнаны ауыстыруға ыңғайланғандай. Бірақ осы кезде сахнаға "Жаңа толқын" конкурсының лауреаты Адеми шығып, Queen тобының The Show Must Go On әнін шырқай жөнелді. 

Шоу жалғасып жатты. 

30 қыздың ішінен 15-і іріктеліп шықты. Кейін тек 5-еуі қалды. Шешуші кезең халық арасынан дауыс жинау болды, ол тікелей эфирде sms-дауыс беру арқылы өтті. Бірақ дауыс беру нәтижелерін жария етудің алдында ақтық сынға шыққан бес ару қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді. Осылайша көрермен қатысушылар туралы толығырақ мәлімет ала алды. 

Қазылар алқасының бір мүшесі ақтаулық Әлия Мергенбаевадан қандай кітап оқитынын сұрады. 17 жастағы аруымыз кітап оқуды жақсы көрмейтінін мойындады, бірақ Интернеттен қызық оқиғаларды оқуды ұнататынын айтты.  

Дәл осы қыз соңында жеңімпаз болып шықты. 

Конкурс аяқталысымен Әлияны тілшілер сұрақтың астына алды. 

"Кәне, дайындалыңыз, айта беріңіз", - деп талап етті тілшілер кештің басты мәселесі - кітап оқуға қатысты сұрақ қоя отырып.

"Мен өтірік сөйлей алмадым, мен кітаптарды оқымаймын, сөйтіп кітап оқымаймын деп мойындадым", - деп мойындады қыз тілшілерге қарап.

Бірақ БАҚ өкілдері бұл сөзге тоя қойсын ба, уәде беруін талап етті. 

"Иә, мен енді кітап оқимын", - деп келісті Қазақстан аруы.

Ол негізінде басқа сөздерді айтқысы келген, бұл жеңістің өзіне тосыннан келгенін, күтпегенін, байқауға қатысудың бала арманы болғанын, туыстары мен жақындарының қалай қолдау білдіргенін... 

Бірақ репортерлер тапжылмады. 

"Енді сіз кітап оқитын шығарсыз?", - деп сұрады тағы да біреулер. 

"Әрине, оқитын боламын, міндетті түрде", - деді ол.

"Барлық қазақстандықтың алдында тұрып, қандай кітаптарды оқитыныңызды айта аласыз ба?", - деп қоймады тілшілер. 

"Шынымды айтсам, білмеймін, мелодрама оқитын шығармын. Мен мелодрама мен драманы жақсы көремін", - деп жауап қатқан болды аруымыз. Бұдан кейін ол анасын жақсы көретінін, осы конкурста ұтып алған 5 миллион теңгесін шешесіне беретінін айтты.

Сахнаға көрермендер шығып кетті. Бір әйел ұялы телефонын бізге беріп, суретке түсіріп жіберуімізді өтінді. Ол конкурста қазылар алқасының құрамында болған актриса Әсел Сағатовамен суретке түскісі келді. 

Осы уақыттан бастап барлығының мақсаты суретке түсіру, түсіп қалу болды да, сонысымен де бұл шарадан қайтып кетуге белгі берілгендей болды.

Ренат Ташқынбаев

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети