02 ақпан 2015 15:11

Күндесімнің маған істегені қызының басына келді...

ПОДЕЛИТЬСЯ

avatarko.ru avatarko.ru

Біреуге жақсылық жасасаң да өзіңе, жамандық жасасаң да өзіңе. Өмір бумеранг сықылды ғой, айналып алдыңа келеді. «Алаш айнасы» порталының оқырмандарына басымнан өткен жайтты баяндап берсем деп едім... Күйеуім екеуміз екі жыл жүріп, сүйіп қосылдық. Ақжарма, ақкөңіл мінезді күйеуім кез-келген жанмен ілезде тіл табысып кетеді. Соның арқасында тез арада тірлігін бітіріп, ісін ілгерілете алады. Оның бұл мінезінің отбасымызға көп пайдасы тиді ғой деп жүргем. Сөйтсем өзге әйелдерге де өтімді екен ғой біздікі. Қап дедім.

Бірақ оның әйелқұмар екенін кеш сездім. Өзі де сауысқаннан сақ, басқан қадамының жымын білдірмейді десе де болады. Телефон нөмірлерін жиі ауыстырады, кейде қай нөміріне хабарласуды өзім де білмей қаламын. Бір күні түн ортасында жасырылған нөмірмен біреу хабарласты. «Сенің байыңнан екі бала туып алғанмын, байыңа еге болсаңшы» деді де қойып қойды. Жауап қатып та үлгермедім. Сол түні мазам қашты. Бұрын «итті көрсе иетін еркек қой, қоя берші» деп аса мән бермеуші едім. Тап бір мазақтағандай мына тірлік жанымды жаралағаны рас. Сол күннен бастап жаныма жай таптырмаған мазасыз бір күндер басталды. Әйел емеспін бе, жартымды қалай қызғанбайын. Салқын ақылға салайын десем де маза берер емес. Өзімен сөйлестім де, қайдағы, жолатпайды. «Сені көре алмайтын жұмыстағы әйелдердің әзілі шығар» дегенге сайды. Ойланып қалдым. Торға түсетін күйеуім бе, тілінің қырық қатпарлы қулығымен алдайды ғой мені. Уақыт емші ғой расында. Бұл оқиғаны ұмытқандай да болдым. Күйеуімның жыры бітпеді бірақ. Бірде анда, бірде мында жаман аты шығуын қоймады. «Бірде ана бір әйелмен, бірде мына бір әйелмен көрдік» дейтіндердің қарасы көбейді. Үйге келе «ашық сабақ» өтемін. Бірақ ол ашығын айтушы ма еді? «Қойшы әркімнің бір өсегіне сене берсең өмірің жетпейді ғой» деп бір жағы әзілге бұрып құтылады. Көзбен көріп, қолмен ұстап алмаған соң бәрі бекер. Оны өзі де айтады, «ұстап алсаңшы, сол кезде көресің» дейді. Ал ол ұстатушы ма еді? Әбден супер ас болып қалған ғой. Ізін білдірмейтін. Қанша індетсем де ізіне түсе алмадым бірақ. Қалай болғанда да оның құр жүрмейтінін білем. Апталап үйге қонбайтын кездері көп. Әжем марқұм «Адамына жолықпасын, адамына жолықса еркек деген байлап қойсаң да тұрмайды» деуші еді. Бала кезімде оған аса мән бермеуші едім. Адамына жолықты-ау деймін күйеуім бірден өзгеріп сала берді.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети