14 қыркүйек 2014 09:20

Күйеуім мені лотереядан ұтып алған...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

 Қазақта «Тең теңімен, тезек қабымен» деген мақал бар ғой. Соның мәніне жас кезімде тереңірек үңілмеппін. Санамды қаузаған сансыз оймен газет оқырмандарымен бөліссем деп едім. Бәлкім, біреу ақыл салар...


 Қазақта «Тең теңімен, тезек қабымен» деген мақал бар ғой. Соның мәніне жас кезімде тереңірек үңілмеппін. Санамды қаузаған сансыз оймен газет оқырмандарымен бөліссем деп едім. Бәлкім, біреу ақыл салар...

Оң жақта отырғанымда не ішем, не кием демедім, бұлғаңдап жүріп бойжеттім. Әкем - қаладағы мен деген ауқатты жандардың бірі. Елдің бәрі таниды, елдің бәрі сыйлайды. Қала орталығындағы ең қымбат аудандардың бірінде еңселі екі қабатты үйде тұратынбыз. Аузымнан шыққан сөздің бәрі сол заматта-ақ орындалатын. Үйдің кенжесі болғандықтан, әкем мені ерекше жақсы көреді. Сол себептен де не айтсам да алып беретін. Ең соңғы маркалы қымбат көлік те міндім. Жыл сайын шетелде демаламын. Ең соңғы модадағы бренд киім де менің үстімде. Құрбыларым қызыға қарайтын. Жігіт біткен де менің соңымда-тын. Бірі - шын ұнатса, енді бірі «олигархтың қызы ғой, тамырын басып көрейік» деп ынтығатын. Ондайларды, әрине, сезесің. Бұлғақтап жүргенде жасым жиырма бестен де асып кетті. Бір күні шешем шақырып алып тезге салғандай болды. Сонда ғана «күйеуге тию керек екен ғой» деген сигнал жетті миыма. Мектепте жүргенде алғашқы махаббатымды жолықтырғам. Кейіннен аз ғана ренішке бола екеуміз екі айырылысып кеткенбіз. Содан беріде сезімімді селт еткізген ешкім болмапты. Кездесуге шақырған жігіттермен достық қарым-қатынаста болғанмен арыға барған емеспін. Мені үнемі «байдың қызын байлығына бола алады» деген ой маза бермейтін. Ақыры осы ойым шындыққа айналды. Құрбымның ағасының досы болатын Серік деген. Сөйлесіп жүргенімізбен оған тұрмысқа шығамын-ау деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Бұрын анда-санда көріп қалсақ амандасып тұратынбыз. Соңғы кезде сол Серік қыр соңымнан қалмайтын болды. Үйге де келеді, құрбыларыммен қыдырсам да сол. Ақыры телефоныма тыным бермей жүріп ол менің көңілімді жаулап алғандай болды. Әлде бауыр басып кеттім бе, өзім де түсінбеймін. Оның маған мінезі ұнайтын. Жібектей есілген жұмсақ мінезді-тін. Ақыры ол маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасағанда бас тарта алмадым.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети