21 қыркүйек 2014 10:46

Күйеуімді көңілдесі тастап кетті...

ПОДЕЛИТЬСЯ

©blog.teamo.ru ©blog.teamo.ru

Бүгінде «Отбасы – ошақ қасы» айдары оқырман көңілінен шығып, ең оқылымды бетке айналды. Әрқайсысында әртүрлі тағдыр шертіледі. Бірін оқып таң қалсаң, бірінен жиренесің. Мен де ішіме сыймай жүрген сырыммен «Алаш айнасы» порталында бөліссем деп едім...


Бүгінде «Отбасы – ошақ қасы» айдары оқырман көңілінен шығып, ең оқылымды бетке айналды. Әрқайсысында әртүрлі тағдыр шертіледі. Бірін оқып таң қалсаң, бірінен жиренесің. Мен де ішіме сыймай жүрген сырыммен «Алаш айнасы» порталында бөліссем деп едім...

Күйеуімді бір көргеннен ұнаттым деп айта алмаймын. Қазанның түпкі күйесі сияқты қаралығы мені шошынтқан басында. Жүре-бара оның бойынан өзіме ұнайтын қасиеттерді біле бастадым. Әсіресе сөзге шеберлігі ұнайтын. Өзім аса сөзшең емеспін. Көп жерде ақымды жегізіп, сөз қайтара алмайтын босбелбеулігімнен көп жапа шегуші ем. Менің ақымды сол алып беретіндей-ақ көңілім құлады да тұрды. Сонымен не керек, көп өтпей шаңырақ көтердік. Алғашында тату-тәтті, айрандай ұйыған отбасы едік. Еншімізді алып бөлек шыққаннан кейін мен күйеуімнің пышақ та қайрай алмайтын тым енжар, тым жалқау екенін бірақ білдім. Еркек басымен мені асырай алмайтынын да кеш ұғындым. Амал жоқ білекті сыбанып өзім жұмыс істедім. Азаннан кешке дейін салпақтап жұмыста жүргенімде, ол үйде теледидар қарап, алаңсыз жата беретін. «Ақша тапсаңшы» десең, неңе жеткізе алмай жатырсың деп қайта өзіңді кінәлайтын. Бармағымды шайнағаннан басқа амалым жоқ. Тұңғышымды босанған соң амал жоқ оның жұмысқа шығуына тура келді. Жанын күтіп, бар тәтті дәмдіні жеп үйреніп қалған басы алғашында қатты қиналып жүрді. Өмір бойы мен асырап өтеді деп ойласа керек. Бас салбырап, тіптен жүнжіп кетті. Балам жасынан асса да бақшаға беруге асықпадым. Әбден менің мойныма мініп алған байғұс біраз өзі де тырбаңдап ысылсын дегенім еді. Кішігірім өндіріс орнында жұмыс істейтін ол бірте-бірте үйге кешігіп келетінді, кейде ішіп келетінді шығарды. Достары кездесіп қалыпты, әріптестерінің «днюхасы» боп қалады. Әйтеуір бітіп болмайтын сылтау. Бара-бара мен оның үстінен арзан тұратын әтірдің иісін байқай бастадым. бұл не десем, жұмыста ылғи әйелдер істейді, қасымда отырады, ары отыр деп айтайын ба енді деп ашуланатынын қайтерсің тағы.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети