Күзде балаға суық тию қаупін қалай азайтуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзде балаға суық тию қаупін қалай азайтуға болады? Фото: depositphotos.com

Ұйқы режимін сақтау баланы күзгі тұмаудан құтқарады. Бұл жайлы педиатр Юлия Ровенская айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1-ге" сілтеме жасап. 


Ұйқы режимін сақтау баланы күзгі тұмаудан құтқарады. Бұл жайлы педиатр Юлия Ровенская айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1-ге" сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, балалар міндетті түрде жеткілікті ұйықтауы керек.

"Мысалы, бес жасқа дейінгі балалар күніне шамамен 13 сағат, ал сегіз жастан кейін кем дегенде тоғыз сағат ұйықтауы керек", – дейді педиатр.

Ол бала күзде сондай-ақ дұрыс тамақтануы және оның рационында D дәрумені болуы керек екенін айтты. Ол жұмыртқа, балық және сиыр бауыры сияқты тағамдарда кездеседі.

"Сонымен қатар тұмауға қарсы ең тиімді құралдардың бірі – вакцинация. Бұл инфекциядан қорғауға толық кепілдік бермейді, бірақ асқынулардың болмауына және аурудың ауыр өтпеуіне көмектеседі", – дейді маман.

Сонымен қатар бала даладан келген сайын қолын жууы керек. Сондай-ақ маман баланың мұрнын дәріханалық тұзды ерітінділермен шаюды ұсынды.

"Пәтерді күніне кемінде екі рет желдету керек, ал маусымдық тұмау басталған кезде үйді күнделікті ылғалды тазалау ұсынылады", – деп қорытындылады дәрігер.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +20
Ақтау +23
Ақтөбе +16
Атырау +25
Б
Балқаш +20
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +16
П
Павлодар +18
Петропавл +17
С
Семей +18
Т
Талдықорған +19
Тараз +21
Түркістан +18
О
Орал +17
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер