05 тамыз 2014 11:58

Қыздарым некесіз туылғанымен, әкесіз емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Менің тағдырым туралы оқып отырған кейбіреулер айыптар, жазғырып, тілдер. Бірақ, өмір деген адамның қалағанындай бола бермейді екен. Сондықтан, ішіме сыймаған басымдағы жағдайларды сүйікті «Алаш айнасы» арқылы ортаға салуды жөн санадым.


Менің тағдырым туралы оқып отырған кейбіреулер айыптар, жазғырып, тілдер. Бірақ, өмір деген адамның қалағанындай бола бермейді екен. Сондықтан, ішіме сыймаған басымдағы жағдайларды сүйікті «Алаш айнасы» арқылы ортаға салуды жөн санадым.

Мен онымен 20 жасымда таныстым. Ол кезде ауылдағы дүкенде сатушы болып жұмыс жасайтынмын. Жақсы көзімен қиыла қарап, сауда жасайтын ағайды жақсы көріп қаламын деп басында ойламадым да. Ол менен 16 жас үлкен еді. Жанұясымен басқа ауылдан көшіп келгенін өз аузынан естідім. Сонда да болса жүрегімде тұңғыш рет ер азаматқа деген ерекше сезім оянды. «Жүрекке әмір жүрмейді» дейді ғой. Мен оны шексіз сүйдім. Өзіме деген ерекше жылулық пен сүйіспеншілікті сол адамның жүрегінен таптым. Алғашында тығылып, ешкімге білдірмей кездесіп жүрдік. Көзсіз махаббат деген осы шығар, сірә. Мен әкесіз өстім. 12 жасқа толғанымда әкем о дүниелік болған. Жалғыз анам әпкем екеуімізді ештеңеден тарықтырмаймын деп тыраштанды. Әкенің, ер адамның мейірімін аңсап өстім-ау деп ойлаймын. Сөйтіп жүріп сол адамнан жүкті болғанымды білдім. Алты айға дейін ішім білінбеді. Жастығым шығар, өзім де алаңдамай жүре беріппін. Ішімнің үлкейіп келе жатқанын байқағанда ғана әпкеме айттым. Ол тұспалдап анама жеткізді. Алғашында анам қатты қайғырды. Реніштен ауыр сөздер де айтты. Бірақ, көндіккені болар, «елдің бетіне қалай қараймын, нағашыларыңа бар» деп мені алыс ауылдағы туысқандарыма апарып тастады. Олар менің келгеніме қуана қойған жоқ. Ұятты болып келіп жатқан адамды қайбір жақтырсын. Бәрі маған ауыр қылмыс жасаған адамдай қарады. Бірақ шешем үшін амалсыз көнген болуы керек мені алып қалды. Әйтсе де қызымды босанар кезде өз ауылыма оралдым. Қызымның әкесі мені ауруханадан шығарып аларда бірге болды. Сөйтіп, күнде кешкілік келіп, көмектесіп тұрды. Соғым сойса да жарты етін беріп, бізге екінші жанұясындай қарайласты. Бір ауылда тұрдық. Біздің үй ауылдың шетінде, олар ортасында тұратын. Кейде көшеден ол кісінің әйелін көріп қаламын. Қарауға дәтім шыдамай, теріс айналамын. Ол кісі де сұңғыла адам болуы керек, менің бетімнен алып, не анаммен айқайласып көрген емес. Әпке-жездем анаммен бірге тұратын еді. Біз келген соң, бір жұмадан кейін бала-шағасымен пәтерге бөлек шықты. Жездем «ұятсыз» балдызымен тұрғысы келмепті. Анам байғұс ұрсып, сөйлеп-сөйлеп алады, содан соң жылайды. Сосын қайтадан басылып, мені жұбатады. Әйтеуір анам мені тағдырдың талқысына тастаған жоқ. Ауырсам басымнан сүйеді, қызымды да «балапаным» деп бауырына басты. Бірақ біз тұтқындағы адамдардай өмір сүрдік. Тумаларымыздың бәрі бізден теріс айналды. Әсіресе, анама ауыр тиді. Күндіз сыртқа шығуға ел-жұрттан ұяламыз. Кешкілік, қараңғы түсе анам үйді айналып келіп, «Дариғаш, адам аяғы басылған-ау деймін, баланы алып шық» – деп сыбырлайды. Мен бөпемді орап алып шығамын. Сөйтіп, бейкүнә сәбиімді таза ауамен тыныстатқан боламын. Дүниеге әкелген сәбиің үшін өзіңнен-өзің ұялу, айналадан қымсынып өмір сүрудің нағыз азап екенін мен сонда түсіндім. Әйтеуір, оңай болған жоқ.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети