ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ІІМ полицияға қарсылық көрсетіп, бағынбау әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ полицияға қарсылық көрсетіп, бағынбау әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті азаматтар! Елімізде "Заң мен Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету – баршаға ортақ мақсат. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау мен заңға бағынатын азаматтардың құқықтарын қорғауда аса маңызды. Кез келген заң бұзушылықтың соңы жауапкершілікке әкеледі. Бұл ретте ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша барлық шараларды қабылдауда. Өкінішке қарай, соңғы уақытта билік өкілдерін қорлап, оларға бағынбау фактілері жиілеп кетті. 2024 жылдың қорытындысына сәйкес осындай 271 дерек тіркелді. Оның 127-сі мас күйде, 87-сі бұрын сотталғандармен және 19-ы адамдар тобымен жасалған", - деді ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Шүйіншалиев.

Полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, заңсыз әрекет жасағаны үшін 225 азамат сотталған. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды. Жұбайымен жанжалдасқан ер адам екі учаскелік полиция инспекторына пышақпен ұмтылып, оларды жарақаттаған.

Ақтөбе облысының Қандыағаш станциясында да осындай жағдай болған. "Астана – Атырау" бағытындағы пойыз жолаушысы алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін патрульдік қызмет инспекторларына физикалық қарсылық көрсетті. Денсаулыққа зиян келтіргені үшін ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

"Полиция азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын және қоғамның заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Құқықтық нормаларды сақтамай, әділетті Қазақстан құру мүмкін емес. Азаматтарды заңды сақтауға, билік өкілдеріне бағынбау және оларды қорлау фактілеріне жол бермеуге шақырамыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз", - деді Алтынбек Шүйіншалиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer