24 қыркүйек 2014 11:53

Мемлекетке қауіпті "түс"...

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

 ЛГБТ – Лесбиянка, гей, бисексуал және трансгендер. Әжептәуір топқа айналған бұл қауымдастық бүгінде әлемде кеңінен етек жайып келеді. Қазіргі күні бұлар біраз елде өздерінің құқығын қорғайтын заң да қабылдатқызып үлгерді. Әлемнің 16 мемлекетінде, сондай-ақ АҚШ-тың 15 штаты мен Мексиканың 3 округында бір жынысты некеге заңды тұрғыда рұқсат берілген. Айналасы 13 жылдың ішінде осыншама ел гейлер үшін есігін айқара ашып берді.

Бір жынысты некеге рұқсат беретін заң алғаш 2001 жылы Нидерландыда қабылданса, міне соңғысы былтыр тамыздың 19-ы күні Жаңа Зеландияда күшіне енді. 2012 жылдың өзінде 4 мемлекет, АҚШ-тың 5 штаты және Мексиканың 1 федералды округы бір жыныстылардың ығына жығылатын заң қабылдады. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған. Ал, биыл Мальтада бір жынысты некеге және оларға бала асырап алуға рұқсат берді.

Бұның бәрін дабылдатуымыздың себебі не дейсіздер ғой. Соңғы кездері ЛГБТ қауымдастығы біздің елде де қарқын алып келеді. Осы екі-үш жылдың өзінде талай жаға ұстатқан оқиғалар өріс алды. Еліміздің қалаларындағы гей-клубтарды бұқаралық ақпарат құралдары талай мәрте жазып келді, әлі де жазуда. Бұлар енді гей-клубтарды қанағат тұтпай, оның да шеңберінен шығып бара жатқандай. Алдыңғы жылы қараша айында ТМД-ның ЛГБТ қауымдастығы Ақмола облысының Степногорск қаласын «гейлердің астанасы» атап, жар салғанын білеміз. «Степногорск гей-туристердің ошағына айналады» деп қалпақтарын аспанға атқанына не дерсіз?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети