09 шілде 2014 11:09

Мешіттегі "рэкет" немесе "Тарт қолыңды табақтан!"

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 енің көрші әжейімнің лақап аты – «мешіт рэкеті». Жасы сексенді алқымдаса да, әжей «жұмыстан» қол үзбеген адам. Күнде түсте жасанып киініп, білезік-сақиналарын тағып, әжей «жұмысына» аттанады. Қолында – сөмкесі. Әжей көбінесе «жарнама» бойынша жұмыс істейді. Жарнама болғанда, кәдімгі хабарландыру. Мысалы, мынадай хабарландыру: «2014 жылғы қаңтар айының пәленінші жұлдызында пәленбай марқұмның жылына арналған ас беріледі. Ас беру қалалық мешіт асханасында сағат пәленшеде». Осындай келеңсіз жайттарға «Алаш айнасының» тілшісі де куә болған екен.

Әжей кейде жұмысқа күніне екі рет барады. Өйткені марқұм болған адамдардың қырқына немесе жылына арналған астар бір күнде екі рет килігуі мүмкін: күндізгі сағат 12-де және 15-те. Сіз әжей жалғыз екен деп қалмаңыз, кез келген мекеме мен кәсіпорында еңбек ететін басқа кәдуілгі қызметкерлер сықылды, оның да «әріптестері» бар.

Біздің қалада бұларды «шуриктер» немесе «мешіт рэкеті» деп атайды. Бірақ ас беру мешітте ғана өтпейді, дәмхана, ресторандарда да жасала береді емес пе. Сол себепті бұл кісілердің «еңбек ету» аумақтары ауқымдырақ. Әжей және оның командасы әлгіндей жабдыққа тыңғылықты дайындалады. Олар алдымен қайтыс болған, яғни дұға бағышталғалы отырған адам туралы мәлімет жинайды. Жұрттан сұрастырады. Ол кісінің артында қалған балалары мен туған-туыстарының есімдері кімдер, олар қай жақта тұрады дегендей. Ондай мәліметтердің қажет болатын себебі: күні ертең жабдық үстінде жұрт «рэкеттердің» бөтен адам екенінен сезіктеніп қалмай, бұларды да ас иесіне қатысты адам ретінде қабылдауы керек.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети