19 наурыз 2014 18:17

Миллиардерлер қарынға емес, қазаққа қашан қызмет етеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Бюджет елдің аузынан жырып, аймақтар жыртығын жамасын деп берген қаржының көпшілігінде игерілмей қалатыны қазір ғадетке айналған. Сонда сенатор Ғани Қасымов сол игерілмей қалатын қаржының елу пайызы ұрланатынын жайып салған болатын. Өз халқын өзі тонаушы ұрыны Қытай өлім жазасына кеседі. Біздің жебірлер миллион емес, миллиардтап қылғыта жұтса да, жұмырына жұқ болмай жүр. Судан құрғақ шығады... Соның себебін "Алаш айнасы" анықтамақ болды.

«Үкіметтегілердің тең жартысы - миллиардер»
 
Бұл сөздің де авторы – да сенатор.  «Бұл туралы айтуға қорқасыздар. Ақша ұрланып, қанша қылмыстық іс қозғалып жатса да, Үкімет мүшелері бірін бірі мақтап, соған мәз болып жүр. Кезінде Ұлттық банкті басқарған мықты экономист Үкіметтегілердің тең жартысы миллиардер деді. Неге үндемейсіздер?! Ұлттық банк 17 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды деп Үкіметке есеп беріпті, ал қазір Марченко 14 млрд деп отыр. Бұл не сонда қалған 3 млрд құр қағаз ба?!» дегенін жалпақ жұрт көрді, естіді. 
 
Осындайда ойыңызға Қадыр Мырза Әлінің «Айлықпен байыған адам жоқ» дегені еріксіз оралады. Қазақстанда айлықпен байыған шенеунік болса, оған ескерткіш қою керек шығар. Есеп комитетінің жария еткен мәліметтеріне сүйенсек,  қаржыны игеруде заң бұзған 172 лауазымды тұлғаның 10-ы саяси қызметкерлер екен. Орыстар айтпақшы, бұл «гүлі» ғана. Оның «жемісі» әлі алда. Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің деректері өткен жылдың 6 айының өзінде экономикалық негізде 6000 мың қылмыстық іс қозғалған. Бұл алдыңғы жылғыдан 9 есеге көп. Ондағы басты айып – мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғызылатын құрылыс нысандарына бөлінген қаржыны жымқыру, пара алу сынды қылмыстар. 
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети