"Міндетті емес". Полиция жүргізушілерге жасалған үндеуді түсіндірді

viewings icon 3725 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Әкімшілік полиция комитеті Tengrinews.kz тілшісінің қызметкер жүргізушілерге қандай құжат көрсетуі керек деген сауалына жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әкімшілік полиция комитеті Tengrinews.kz тілшісінің қызметкер жүргізушілерге қандай құжат көрсетуі керек деген сауалына жауап берді.

10 шілдеде ІІМ полиция қызметкері жүргізушілерге жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті емес екенін айтып, үндеу жасады. Сондай-ақ, ведомство полицейдің заңды талаптарын орындамау және оның қызметіне араласу 110 760 теңгеге дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өтті.

Полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатқанда не істеуі керек?

Талаптар "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабында нақты регламенттелген. Баптың 3 тармағына сәйкес көлік құралы тоқтатылған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкері келесі әрекеттерді дәйекті түрде орындауға міндетті:

  • дереу тоқтаған көлік құралына жақындау;
  • өзін таныстыру және жүргізушінің талабы бойынша танысу және тегі мен лауазымын білу үшін қызметтік куәлікті көрсету;
  • көлік құралын тоқтату себебін түсіндіру;
  • егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның және (немесе) жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдар және аспаптармен тіркелген жағдайда, жүргізушіге танысу үшін тиісті материалдарды көрсету.

Полиция қызметкерінің жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатқаны туралы құжаттарды көрсетуден бас тартуы Конституцияның 18-бабына қайшы келмей ме?

Конституцияның 18-бабына сәйкес, "Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті".

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының талаптары бұзылмайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес, "Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін".

Яғни, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңдармен шектелуі мүмкін. "Жол қозғалысы туралы" Заңға сәйкес жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатқаны туралы құжаттарды ұсыну қарастырылмаған.

Егер жүргізуші өзін заңға сәйкес тоқтатқанына күмәнданса, не істеу керек?

Көлік құралын тоқтатудың заңдылығына күмәнданған жағдайда жүргізуші қызметкердің іс-әрекетіне жоғары тұрған лауазымды адамға шағымдануға не 102 бірыңғай арнаға қоңырау шалуға және жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара туралы нақтылауға құқылы.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
21°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю