06 ақпан 2014 10:30

Монополистер халықты қашанғы бүрсеңдетеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Осыдан оншақты күн бұрын Астанада саршұнақ аязда бүтіндей бір мектеп жылусыз қалды. Ал сол білім ошағын тұрғызуға бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлінген-ді. Алайда сол қаржы жылу салатын қазандыққа (!) жетпей қалыпты.  «Кәрі құдаң» қыс келсе Алматының да өзгелерді  мысқылдар жайы жоқ. Алматы да аязға төтеп бере алмай қаладағы ескі жылу құбырлары жарылып халықтың не жылуға, не суға жарымай отырған сәттері баршылық. Сондай-ақ қыстыгүні Шығыс Қазақстандағы қауымның да есі шығып қалады. Әсіресе Семей халқының жылу мен суға қатысты мәселелерінде атқарушы билік бір мәмілеге келтіре алмай дал болуда. Тізе берсек, Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Шучье, Жәйрем, Ақтас, Белоусовка қалаларының проблемалары қыс келсе еселене түседі. Бір бұл емес, бағамдасақ, қыстың көзі қырауда біраз қауымды үйінің ішінде сырт киімін кигізіп, дірдек қаққызып, бүрсеңдетіп қоямыз. Ал сонда жылуы жоқ, суы жоқ халық қайтіп күн көрмек? Жыл сайын тарифтердің бағасы аспандайды, әкімдер «қысқа сақадай-саймыз» деп есеп береді. Бірақ жылдағы қайталатын жағдай – халық не жылуға, не суға жарымайды. Бұл салаға қанша қаржы құйылып жатыр? Тарифін төлеп, қаржысын берген халық неге сапалы қызмет түрін еншілей алмауда? "Алаш айнасы" осы сауалдарға арнайы жауап іздеп көрді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети