23 желтоқсан 2014 15:10

Нұрсұлтан Назарбаев Атталидің кітабына не үшін қызықты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©inform.kz ©inform.kz

Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев экономист Жак Атталидің еңбектерін, соның ішінде «Болашақтың қысқаша тарихы» атты еңбегін жиі оқитындығын жеткізген. Себебі онда 20-30 жылдан кейін болатын әлемдегі көптеген өзгерістерге болжам жасалады. Осыған орай, «Алаш айнасы» тілшісі де Елбасы оқыған кітапқа қызығушылық білдіріп, оның қысқаша мазмұны туралы оқырманмен ой бөліскенді жөн көреді.

Сөз басында айта кеткен жөн, қаржыгер Жак Атталиды аузы дуалы болжамшы десе де болатындай екен. Мәселен, бұған дейін француз Жак Аттали бірақатар геосаяси өзгерістерге, капитализмнің қаржылық тұрақсыздығына, лаңкестік қауіп-қатерлерге, ғаламтор мен ұялы байланыстың кеңінен тарауына болжам жасаған болатын. Оның көптеген саяси көріпкелдігі тура солай іске асқан. Ал өзінің «Болашақтың қысқаша тарихы» атты еңбегінде автор бүгінгі әлемнің негізгі күштерін анықтап отырып, ең қызықтысы АҚШ сияқты державалардың тоқырауына болжам жасайды.

Ж.Атталидің ойынша, қазіргі жер-жаһанды билеп тұрған – нарық. Себебі соңғы дағдарыстардың басым бөлігі «ақшалар шеруімен» тікелей байланысты. Егер аталған эволюция жалғаса берсе, онда ақша бәрін, тіпті мемлекеттерді де құртуы бек мүмкін. Қазірдің өзінде ол кейбір елдерді біртіндеп күйретіп келеді. Бұл ретте автор АҚШ секілді бас ойыншының өзі де бұған тосқауыл бола алмайтынын айтады. Сөйтіп, нарық негізгі заңға айналып, бай мен кедейдің аражігі ажырай береді. Адамзат табиғатқа дұрыс қарамайды. Армия, полиция, әділсот –бәрі-бәрі жеке меншікке айналады. Бұл – жаһанданудың бір көрінісі. Аттали ондай әлемді «гиперимперия» деп атайды. Автордың ойынша, адамзат баласы одан бас тартса, сан алуан соғыстарға белшесінен батады. Осы «гипершиеленіс» кезінде мемлекеттер, діни топтар мен лаңкестік ұйымдар бір-біріне қарсы шығып, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуіне әкеліп соқтырады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети