13 мамыр 2014 18:07

Өзенмен қайық қана емес кеме жүзетін уақыт қашан туады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Өзен-көліміз көп деп мақтанамыз. Бірақ, айдын бетін тіле жүзген жолаушы тасымалдайтын, жүк таситын қайық-кемеміз қатты азайып кеткені шындық. Бір сөзбен айтқанда қазір Қазақстанда өзен флоты өлімшінің халінде тұр.


Өзен-көліміз көп деп мақтанамыз. Бірақ, айдын бетін тіле жүзген жолаушы тасымалдайтын, жүк таситын қайық-кемеміз қатты азайып кеткені шындық. Бір сөзбен айтқанда қазір Қазақстанда өзен флоты өлімшінің халінде тұр.

Алысқа бармай-ақ, 1980-жылдарды алайықшы. Ол уақыттарда жылма жыл айдын бетімен миллиондаған тонна жүк, жүздеген мың жолаушы тасы-малданып, өзен флоты өзінің үлкен мүмкіндігін паш еткен еді. Шағын ке-мелер, баржалар, теплоходтар Қара Ертістен Ақ Жайыққа дейінгі алып артерияны бабында ұстады. Су көлігінің көкжиегі жарқын, келешегі кемел көрінген секілді еді сол кезде. Алайда жақсы бастама жалғасын таппай қалды. Айдын арқылы ауыр жүк пен жолаушы тасымалдау құнының өте арзанға түсетіндігіне қарамастан, қазір өзен үстімен жүйткіген кеме түгіл, қалт-құлт еткен қайықтың өзін сирек көруге айналдық.

Су көлігі арқылы жүк тасымалы арзан дегенді бекер айтып отырған жоқпыз. Статистикаға сүйенсек, тонна-шақырымға шаққанда бар болғаны – 2,7 теңге. Пойызға тиесеңіз – 3,6 теңге, ал автокөлікке жүк артсаңыз 10 теңгеден бір-ақ шығады. Мұндай ұтымды ұсыныстан бас тарту теңгеден тиын үнемдеген заманда тым астамшылық болып көрінетіні анық. Су транспортының тағы бір тиімді тұсы – еліміздің ірі өндіріс ошақтары шоғыр-ланған батысы мен шығысында кеме еркін жүзетін өзендердің болуы. Олардың жалпы ұзындығы – 5635 шақырым. Ертістің еншісіне тиетіні – 1715 шақырым, ал Жайықтың үлесінде 1164 шақырым бар. Іленің бойымен 880 шақырым жер кеме жүзуге жарамды. Ол аз десеңіз, оңтүстік пен солтүстіктегі төрт өзенді осы қатарға қосуға болады.

Тарихқа үңілсек, айдын арқылы жолаушы және жүк тасымалы Қазақстан үшін жаңалық емес. Бір ғана Орал пароходтығы мекемесінде бір кездері 2 мың адам еңбек етіп, күнкөрісін айырыпты. Жайық бойымен тасылатын жүк көлемі 3 млн. тоннаға жеткен. 170 су көлігі мұнай өнімдерін, бидайды, борат рудасын, құрылысқа қажетті құм мен қиыршық тас қоспасын тоқтаусыз тасымалдады. Бүгінгі жағдай бәлду-бәлду бәрі өтірікке саяды. Сол екі мың адамдық қалың қолдан Оралда қазір 80 адам еңбек етіп жүр. Еңбек етеді деген – аты ғана. Неге десеңіз, бұрынғы қуатты өзен флотилиясы сонау қиын жылдары «Флот» және «Эсторал» деген екі шағын серіктестікке ыдырады. Таситын жүк пен жолаушы болмағандықтан, кеме-баржалардың көбі жарамсыз күйге түсіп, темір қабылдау бекеттеріне өтіп кетті.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети