Моңғолиядағы қазақтардың ұлттығына қауіп төне бастадыМоңғолияның батыс шекарасындағы Өлгей қаласы – сол елдегі қазақтың рухани орталығы. Бұл қасиетті мекен халқы аз, аумағы өте үлкен Моңғол еліне қарасты 21 аймақтың бірі. Баян-Өлгей аймағына 13 сумын, 86 бақ қарайды. Халқының саны 97 мыңнан асып жығылады. Сол 97 мыңның 90 пайызы өзіміздің қаракөздер. Шындығын айту керек, бүгінгі күнге дейін бұл мемлекеттегі қазақтарға моңғол ұлты жат көзқараспен қараған емес. Тек соңғы жылдары ғана жылы көңіл суына бастағандай. Неге? Оған осы елді аралап қайтқан «Алаш айнасының» тілшісі жауап іздейді.
27 қаңтар 2014 14:53
Хан Кененің бассүйегін қайтара аламыз ба?Бұған дейін қазақтың соңғы ханы Кенесарының бассүйегін Ресейден қайтарып алу мәселесі талай көтерілген болатын. Енді «Кенесары ханды қайтарамыз!» қозғалысының белсенділері Ресей Федерациясының президенті Владимр Путинге ресми түрде петиция жолдамақ. Қазақстан азаматтарының бұл қадамы көздеген үдеден шыға ала ма? Бүгінде осы мәселе жөнінде бірқатар зиялылар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікір туғызып, өз ойларын ортаға салуда.
23 қаңтар 2014 16:28
Жарнама көрейін десем кино «бөгет» жасап жүрБұрын «үйімізде, төрімізде портретте тұрған кім?» дегенге «ол – Ленин бабамыз» десек, қазір үй де емес, ауыл да емес, бүкіл әлемнің төрінен ойып тұрып орын алған жарнама десек, жаңылыспасбыз. Жарнама десе, Жанатбек есіме түседі, себебі ол бірде: «енді бір рахаттана жарнама көріп келе жатсам, жылт-жылт етіп кино шыға келеді» деген еді.
22 қаңтар 2014 14:43
Қызылжар үшін қызылкеңірдек болуға әр қазақтың қақысы бар!Қазақ бола тұра Кеңес заманында туылып, Света, Ирина, Марина атын ғұмырының соңына дейін алып жүруге мәжбүр қазақтарды түсінуге болатын шығар. Алайда бір заманда Патшаның әмірі, қала берді «қызылдардың екпінімен» жазықсыздан жазықсыз орысша атанып кете барған қазақ жерлері ше?
22 қаңтар 2014 14:39
Доллар қымбаттай ма, жоқ па?Бірнеше жылдан бері тұғырынан таймай тұрғанАҚШ доллары өткен жылдың мамыражай жазында бағаны бір аунатты. Сөйтіп, біздің ұлттық валютаға шаққандағы құны біршама көтеріліп, 149,42-ден 153 теңгеге бір секірді. Алайда сол жолы Ұлттық Банк басшылығы байсалдылық танытып, байбалам салғандарға басу айтумен ғана шектелді.
22 қаңтар 2014 14:35
«Бригада» бүлдіріп барадыБүгінгінің бұзықтары көшеде төбелескенді қойып, интернетте «ерегісетінді» шығарыпты. Жуырда ғана өрімдей бозбаланың өліміне әкеп соқтырған сорақылықтың басы да дәл ғаламтордан бастау алған-ды. Ғаламтордың «ғажайыбынан» тәлім алған жас жігіттер әуелі сол желіде есеп айырыспақ болыпты.
22 қаңтар 2014 14:33
Мигранттар да салық төлейді, декларация тапсырады, бірақ бұл қаншалықты тиімді?Енді елімізге үй шаруасында жұмыс істеуге келетін мигранттар табыс декларациясын тапсырады, қазынаға салық төлейді. Ел үкіметі осылайша мигранттарды қатаң бақылауға алмақ. Еліміздің «Еңбек-көші қон» Заңына енгізілген өзгертулер мен түзетулер осыған үндеп отыр.
21 қаңтар 2014 17:00
Қызтекелер неге көбейіп барады?Ауыр болса да айтарымыз, қазіргі таңда жұмыр басты пенде адами қасиеттен ада болып барады. Басқасын былай қоялық, Жаратушы иеміздің жасаған болмысына қарсы тұрғысы келетін адамдар баршылық.