Ғалымдар жойылу қаупі төнген қалаларды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғалымдар жойылу қаупі төнген қалаларды атады Фото:depositphotos.com

Көбіміз Венецияны көруді немесе Мальдив аралдарында демалуды армандаймыз, бірақ жақын арада бұл сапарлар мүмкін болмай қалуы мүмкін. Адамзат ғарышты игеріп жатқанда, Жер бетінде тұтас қалалар баяу су астына кетіп немесе құм құрсауында қалып жатыр. Кейбір мегаполистер өз салмағынан шөгіп бара жатса, басқалары әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуінен зардап шегіп жатыр. Tengri Travel 2050 жылға қарай заманауи үйіндіге айналуы мүмкін картадағы жеті нүктені анықтады.


Көбіміз Венецияны көруді немесе Мальдив аралдарында демалуды армандаймыз, бірақ жақын арада бұл сапарлар мүмкін болмай қалуы мүмкін. Адамзат ғарышты игеріп жатқанда, Жер бетінде тұтас қалалар баяу су астына кетіп немесе құм құрсауында қалып жатыр. Кейбір мегаполистер өз салмағынан шөгіп бара жатса, басқалары әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуінен зардап шегіп жатыр. Tengri Travel 2050 жылға қарай заманауи үйіндіге айналуы мүмкін картадағы жеті нүктені анықтады.

Венеция

iXBT мәліметінше, Венеция көп жылдан бері су тасқыны және топырақтың біртіндеп шөгуімен күресіп келеді. Қаланың басты қорғанысы - дауыл мен қатты су көтерілуі кезінде мүйісті жауып тастайтын MOSE жүйесі. Ол - алып су асты шлюздері.

Бірақ Scientific Reports зерттеушілері бұл шешім уақытша ғана болуы мүмкін екенін ескертеді. Егер теңіз деңгейі көтеріле берсе, тосқауылдарды жиі жабуға тура келеді. Су шамамен 75 сантиметрге көтерілген жағдайда, мүйісті жарты жылға дейін жабық күйде қалуы мүмкін.

Ғалымдар бұл судың тұрып қалуына, экологияның нашарлауына және порт жұмысындағы қиындықтарға әкеп соғады деп қауіптенеді. Қазіргі уақытта қала билігі Венецияны қорғаудың жаңа әдістерін іздестіруді жалғастырып жатыр.

@helenabradbury.travel Өмірімде Венецияны су астында көремін деп ойламаппын #venice #hightide #veniceitaly🇮🇹 ♬ Tears at Midnight - Jam City

Мехико

Мексика астанасы әлемдегі ең тез шөгіп бара жатқан мегаполистердің бірі саналады. NASA-ның радиолокациялық түсірілімдеріне сәйкес, қала айына 1,3 сантиметрден аса жылдамдықпен төмен түсіп жатыр.

Себебі - суда. Мехико ежелгі көл табанында, тікелей жерасты сулы қабатының үстінде орналасқан, қала ауыз суының шамамен 60 пайызын осы жерден алады. Ондаған жылдар бойы суды қарқынды сору салдарынан топырақ кеуіп, тығыздалып жатыр. Ауыр құрылыстар жағдайды қиындата түседі. Жер біркелкі шөкпейді: жолдар мен ғимараттарда жарықтар пайда болып, құбырлар жарылып жатыр.

Осының салдарынан Мехикодағы ғимараттарда, жолдарда және су құбыры желілерінде қазірдің өзінде жарықтар пайда болып жатыр. Тарихи нысандарға да қауіп төніп тұр. Мысалы, әйгілі "Тәуелсіздік періштесі" монументінің астындағы жер айтарлықтай шөккендіктен, оған қосымша баспалдақтар салуға тура келді.

Сарапшылар пікірінше, бірнеше онжылдық ішінде бұл мәселе қалалық инфрақұрылым үшін өте қауіпті деңгейге жетуі мүмкін.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by NASA Earth (@nasaearth)

Уалата

Бір кездері Уалата Сахарадағы керуен жолдарының маңызды сауда және мәдени орталығы болған. Бүгінде ЮНЕСКО тізіміндегі бұл ежелгі қаланы біртіндеп шөл жұтып барады.

Мұндағы үйлер тіпті ең қатты ыстықта да салқындықты сақтайтын бірегей қызғылт "банко" кірпішінен салынған, ал отбасылық кітапханаларда 600 жылдан аса тарихы бар қолжазбалар сақталған.

@visit.mauritania 1224 жылдан бастау алатын бай тарихы бар Сахараның сүйкімді ежелгі қаласы Уалатаны тамашалаңыз. Күрделі өрнектері бар қызыл саман үйлерге сүйсініп, ежелгі ислам қолжазбалары қойылған мұражайға барыңыз және жақын маңдағы жартастағы суреттер мен археологиялық орындарды ашыңыз. Немадан солтүстікке қарай небәрі 100 км жерде орналасқан Уалатаның тартымдылығына бөленіңіз. [#VisitMauritania 🇲🇷] // @LucaOnAdventure #Mauritania #oualata #travel ♬ Lights Are On - Tom Rosenthal

AFP мәліметінше, қала жойылып барады. Құм басып, сирек жауатын жаңбырлар балшық кірпіштен салынған ескі үйлерді шайып, ал көптеген тұрғындар жұмыс іздеп көшіп жатыр. Бүгінде ғимараттардың тек үштен бірінде ғана адам тұрады, қалғаны үйіндіге айналған.

Бірнеше ғасыр бойы отбасылық кітапханаларда сақталып келген көне қолжазбалар ерекше алаңдаушылық туғызады. Ыстық, құм және құрылыстардың бұзылуы салдарынан олар біртіндеп жарамсыз болып барады.

Шөлейттену - бүкіл аймақ үшін күрделі мәселе, себебі Мавритания жерінің 80 пайызы деградацияға ұшырап барады. Уалата айналасына ағаш отырғызу Сахараның бетін қайтаруға көмектеспеді. Туристер мен реставрацияға ақша тарту үшін мұнда жыл сайын мәдени фестиваль өткізіледі, бірақ тарихи ескерткіштер көз алдымызда жойылып барады.

Қаланың нақты қашан жойылатыны белгісіз, бірақ зерттеушілер тарихи мұраның бұзылуы жыл өткен сайын жылдамдап жатқанын айтады.

Лагос

Тұрғыны 21 миллион адам болатын әлемдегі ең ірі мегаполистердің бірі Атлантиданың тағдырын қайталау қаупінде тұр. Pulse болжамы бойынша, 30 жылдан кейін Лагос ішінара су астына кетуі мүмкін, ал 2080 жылға қарай мұхит оның аумағының 80 пайызын жұтып қояды.

@pulsenigeria247 Нөсер жаңбыр: Лагостың түрлі аудандарында су тасқыны жолдар мен үйлерді басып қалғандықтан, тұрғындар шағымдануда #pulsenigeria #pulsecelebs ♬ original sound - Pulse Nigeria

БҰҰ есептеулері бойынша, 2050 жылға қарай мұнда теңіз деңгейі бір метрге көтеріледі. Сарапшылар екі себепті атап көрсетеді:

  • бизнес пен тіршіліктің орталығы болған Лагос аралы теңізді құммен толтыру арқылы қолдан жасалған еді, бірақ енді табиғат өз дегенін жасауда: әрбір қатты жаңбыр құрлықтың бір бөлігін шайып әкетіп жатыр;
  • жағдайды қоқысқа толған нөсер кәрізі де ушықтырып тұр: судың кететін жері жоқ, сондықтан қала әрбір дауыл сайын тығырыққа тіреледі.

Нигерия табиғатты қорғау қоры (NCF) мен Climate Central агенттігі егер ешқандай шара қолданылмаса, 30 жылдан кейін Лагостың миллиондаған тұрғыны жойқын су тасқынынан жылына бір рет емес, әрбір су көтерілген сайын зардап шегетінін ескертеді.

Мальдив аралдары

Мальдив аралдары ежелден климаттың өзгеруіне ең осал елдердің бірі ретінде белгілі. Аралдардың басым бөлігі теңіз деңгейінен небәрі бірнеше метр биіктікте орналасқан. CGTN мәліметінше, 2050 жылға қарай Мальдив аумағының 80 пайызы су астында қалуы мүмкін.

Мальдив аралдары 1200 аралдан тұрады (оның 200-ден азында ғана адам тұрады). Мұндағы құрлық елдің жалпы аумағының небәрі 1 пайызын құраса, қалған 99 пайызы - республиканы асырап отырған мұхит. Алайда бейберекет урбанизация табиғи қорғаныс қабаттарын жойып жатыр.

Жергілікті тұрғындар жаппай құрылыс пен мелиорация жұмыстарынан кейін маржан рифтерінің бұзылуына шағымданып жатыр. Дәл осы рифтер көптеген жылдар бойы аралдарды толқындар мен эрозиядан қорғап келген болатын.

Бүгінде Мальдив билігі халықаралық конференцияларда климаттық қауіп тақырыбын белсенді көтеріп, аралдарды қорғау үшін қаржылай қолдау сұрап отыр.

Фото: depositphotos.com

Шанхай

Соңғы ғасырда Шанхайдың кейбір аудандары екі метрден аса тереңдікке шөгіп кетті. БАҚ мәліметінше, бұған жерасты суларын жаппай сору және топырақтың жұмсақтығы себеп болған.

XX ғасырдың ортасында жағдайдың қиындағаны соншалық, қалаға су астында қалу қаупі төнді. Дегенмен билік бұл процесті ішінара тоқтата алды.

Шанхайда су өндіру көлемі азайтылып, тазартылған суды қайтадан жерасты қабаттарына айдау басталды және құрылысқа бақылау күшейтілді.

Қазіргі уақытта кейбір аудандар әлі де шөгіп жатқанымен, бұл процестің қарқынын айтарлықтай төмендету мүмкін болды.

@chinaminutes Шанхай сейсенбіде қалаға жауын-шашын мен екпінді жел әкелген "Ко-Мэй" тайфунына байланысты 283 000-ға жуық тұрғынды эвакуациялады. Бұл дүлей дауыл Бейжіңде кемі 30 адамның өмірін қиып, мыңдаған адамды төмен аймақтардан көшуге мәжбүр еткен жойқын су тасқынынан бірнеше күн өткен соң басталды. Сонымен қатар, Ресейдің Куриль аралдары маңындағы 7,3 балдық жер сілкінісі бүкіл Шығыс Азияда цунами қаупін тудырып, аймақтағы үрейді күшейтті, алайда Қытайға оның әсері тиген жоқ. • • • #breakingnews #typhoon #comay #shanghai #floods #earthquake #russia #news #liveupdate #tsunami #asia #china ♬ Suspenseful and tense orchestra(1318015) - SoLaTiDo

Бангкок

Таиланд астанасы жылына бір сантиметрден аса жылдамдықпен жер астына шөгіп барады. TheThaiger болжамы бойынша, Бангкок 2030 жылға қарай теңіз деңгейінен төмен орналасуы мүмкін.

Қазіргі уақытта қала креативті жолдармен сақтануға тырысып жатыр - мысалы, муссондар кезінде жаңбыр суының үлкен көлемін ұстап тұра алатын арнайы саябақтар салып жатыр. Алайда Наньян технологиялық университетінің (NTU) зерттеулеріне сәйкес, 2100 жылға қарай бұл аймақтағы мұхит деңгейі 1,9 метрге көтеріледі.

Ғалымдар пікірінше, егер қазірден бастап ауқымды климаттық және инженерлік жобаларға миллиардтаған инвестиция салынбаса, Бангкок тек жаңбырлы маусымда ғана емес, мәңгілікке су астына кетеді.

@jansworld7 Дәл қазіргі Бангкок #жаңбыр #сутасқыны #Бангкок #тайланд #foryou ♬ original sound - 𝑱𝒂𝒏𝒔 𝑾𝒐𝒓𝒍𝒅 🇹🇭

Мұндай қалалар неге көбейіп келеді?

Ғалымдар бұл процестерді бірнеше фактормен байланыстырады:

  • климаттың өзгеруі және әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі;
  • жерасты суларын шамадан тыс сору;
  • бейберекет урбанизация;
  • маржан рифтері мен батпақтар сияқты табиғи тосқауылдардың жойылуы;
  • шөлейттену және топырақтың деградациясы.

Бұл ретте мамандар көптеген қауіптерді әлі де баяулатуға болатынын алға тартады. Бірақ ол үшін уақытша шаралар емес, көпжылдық жұмыс, ірі инвестициялар және ұзақ мерзімді шешімдер қажет.

TengriTravel
;