06 мамыр 2014 11:22

Рейхстагқа ту тіккен қазақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың назарларыңызға ұсынылып отырған бұл мақаласын батыл түрде тарихи құнды құжат деп атауға болады. Өйткені атақты Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын желбіреткенін алғаш дәлелдеген осы мақала екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бұл мақала Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Рахымжан батырдың ерлiгiн паш етудің басы болатын. Бауыржан Момышұлының ұйытқы болуымен Кәкімжан Қазыбаев көп ізденіп, мақала жазумен ғана шектелмей, мәселені сол кездегі Орталық комитеттің қарауына ұсынып, Мәскеуге дейін сұрау салады.


 Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаевтың назарларыңызға ұсынылып отырған бұл мақаласын батыл түрде тарихи құнды құжат деп атауға болады. Өйткені атақты Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын желбіреткенін алғаш дәлелдеген осы мақала екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бұл мақала Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Рахымжан батырдың ерлiгiн паш етудің басы болатын. Бауыржан Момышұлының ұйытқы болуымен Кәкімжан Қазыбаев көп ізденіп, мақала жазумен ғана шектелмей, мәселені сол кездегі Орталық комитеттің қарауына ұсынып, Мәскеуге дейін сұрау салады.

Жалпы, К.Қазыбаевтың қолында Рахымжан батырдың Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккендігін дәлелдейтін 100-ден астам құжат болған. Ол кісі Рахаңның ерлігі туралы алғаш “Воин Родины” атты дивизия газетiнiң 1945 жылғы мамырдың 3-iнде жарияланғанын анықтайды. Ал сол жылы мамырдың 5-інде-ақ Рахымжан Қошқарбаевқа Совет Одағының Батыры атағын беру жайлы ұсыныс қозғалғанымен, оны Мәскеу көпе-көрінеу ескермейді. Кәкең 1965 жылы ОК хатшысы Н.Жанділдинге жазған хатында мәселенің мәнісі Рахымжанның әкесі Қошқарбайдың 1937 жылы қуғынға ұшырағандығымен байланысты болғандығын ашып жазады.

Кәкең Баукең арқылы Рахаң жайлы майдандық газетке алғаш жазған майдангер-журналист Василий Субботинмен танысып, қос қаламгер «Советский воин», «Правда», «Литературная газета» «Қырым», «Новый мир», «Дружные ребята», «Жұлдыз», «Простор», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Фрунзевец» тәрізді басылымдарда Рейхстагқа алғаш ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов жайында бірнеше мақала жариялайды. Кейін сол кездегі ГДР журналисі Карл Кокошко арнайы Рахымжанды іздеп келіп, Кәкеңмен кездеседі. К.Кокошко да Берлин басылымдарында Рейхтсагқа ту тіккен Рахымжан жайында бірнеше мақала жазады. Ал 1965 жылы Жеңістің 20 жылдығына орай, Кәкең Рахымжан турасында «Кернеген кек» повесін жазып бітірсе, «Правда», «Литературная газета» басылымдарында және сол жылы жарыққа шыққан Ұлы Отан соғысы тарихының 5-томында Рейхстагты алған Рахымжан мен Григорий батырлар жайында жазады. Ал Василий Субботин өзі жүргізетін «Голубой огонек» телебағдарламасына Рахаңды арнайы шақырып, Рейхстаг түбіндегі ту жайында сыр суыртпақтайды. Сол жылы К.Кокошконың мұрындық болуымен Берлиндегі кеме зауыты бригадаларының және пионер отрядтарының біріне Р.Қошқарбаевтың аты беріледі. Бұл турасында Кәкең «Неміс достар осындай ілтипат көрсеткенімен, өзіміздегі дәмеленген қарекеттен ештеңе шықпады. Дүрілдеп ұлы Жеңістің 20 жылдығы да өте шықты, бірақ Рахымжан жөнінде Москва үндемеді», – деп қынжыла жазады. Кәкеңнің жазуынша, бұл жайға сол кездегі Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының төрағасы Жұмабай Тәшенов араласып, Рахымжанның кезінде батырлыққа ұсынылған мұрағат құжаттарын көтертіп, маршал И.Коневтің алдына мәселе қояды. Бірақ оның соңы дауға ұласып, төрелік айтады деген К. Ворошилов табандылық көрсете алмапты...

Осылайша батыр Баукеңнің мұрындық болуымен, Кәкімжан Қазыбаевтың араласуымен басталған «майданға» сол кездегі еліміздің басшысы Д.Қонаевтан бастап, басқа да қайраткерлер мен қаламгерлер үн қосады. Соның нәтижесінде 1999 жылы мамырдың 7-сінде Президент Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша Рахымжан Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы беріледі.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети