25 қараша 2014 11:49

Санкциялар салдары жыл соңында асқынады, ал Қазақстан мұны сезініп отыр ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Кеше халықаралық қаржы-экономикалық форумында Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов Еуроодақ пен Ресей арасындағы санкциялар алмасуының әсері енді шыға бастайтынын жасырмады.


 Кеше халықаралық қаржы-экономикалық форумында Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов Еуроодақ пен Ресей арасындағы санкциялар алмасуының әсері енді шыға бастайтынын жасырмады.

Силуановтың айтуынша, жыл басынан бері өзге көршілес елдерге сезілмеген санкциялар салқыны жыл соңында анық біліне бастайды. Қазірдің өзінде санкциялар легі Ресейге де, Еуропа елдеріне де оңай тиіп отырған жоқ. Мысалы, осы санкциялар әсерінен бір ғана Италия елінің өндірушілері бір айда 166 млн евро шығын көрген. «Қазан айында Италияның Ресейге жіберетін экспортының көлемі 15,7 пайызға қысқарған болатын. Енді осының нәтижесінде Италия өндірушілерінің табысы қоса азайды» дейді Силуанов.

Сондай-ақ Ресей экономистерінің пайымдауынша, АҚШ, Канада, Австралия, Норвегия елдерінің де өндірісшілеріне қазірде оңай болып отырған жоқ. Аталмыш елдердің құс етінен, көкөнісі мен жеміс-жидегінен, сүт және сүт өнімдерінен бас тартқан Ресей бүгінде осы елдердің де шығынын санамалап та үлгеріпті. Бұл елдердің әрқайсысы шамамен 33 млн доллардан, 96 млн долларға дейін шығын көрген.

Ал Ресейдің өзі Еуроодақ санкциясынан жыл басынан бері 40 млрд доллар, әлемдік нарықта мұнай бағасының түсуі салдарынан 100 млрд доллар шығын көріп отыр. Міне, осындай деректерді алға тартқан Ресей қаржы министрі санкциялар салдары енді жыл соңында айқын әсер ете бастайтынын, сондықтан бұқараға бұл тұрғыда нақты-нақты мәліметтер жеткізу керектігін ашып айтты.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети