23 қаңтар 2015 13:18

Шаруаларға субсидия алу үшін сенделуге тура келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен жылғы прокурорлық тексерулер қорытындысы көрсетіп отырғандай, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлер құқығы аяқ асты етіліп, аудандардағы жергілікті атқарушы органдар оларды қолдаудың орнына, кәсіптерін кері кетіріп, кедергі келтіруде.


Өткен жылғы прокурорлық тексерулер қорытындысы көрсетіп отырғандай, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлер құқығы аяқ асты етіліп, аудандардағы жергілікті атқарушы органдар оларды қолдаудың орнына, кәсіптерін кері кетіріп, кедергі келтіруде.

Облыс прокуроры Бағбан Тайымбетовтің төрағалығымен өткен облыстық прокуратураның облыс кәсіпкерлері палатасы және облыс әкімдігімен бірлесе өткізген «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, заңдылықтардың сақталуын тексеру нәтижелері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісінде белгілі болғандай, аймақтың кейбір аудандарында ауыл кәсіпкерлеріне субсидия алуға қолдау көрсету түгілі, оларды сол демеуқаржыны алуға орай жүргізілетін өтінімдерді қабылдау мерзімін хабардар етуге де мән берілмеуде. Жарма ауданында жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлерге субсидия алуға өтінімдерді тапсыруға орай аудандық газетке өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды былтырғы 19 маусым күні жариялай отырып, өтінімдер 12 маусымнан 20 маусымға дейін қабылданатынын көрсетіп, басталу уақытынан бұрын жариялануы тиіс хабарландыруды құжаттарды қабылдау мерзімінен де кешіктіріп, кәсіпкерлердің өтінім беруіне іс жүзінде бір күн ғана уақыт берген.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети