1. Басты
  2. Оқы

Стационарды алмастыратын көмек - маңызды процесс

Стационарды алмастыратын көмек - маңызды процесс Стационарды алмастыратын көмек - маңызды процесс

Стационарды алмастыратын көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген  көлемі аясында да, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де көрсетіледі.

ТМККК бойынша әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу және динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу көмектері көрсетіледі.

Ал МӘМС шеңберіндегі стационарды алмастыратын медициналық көмек түрлері мынадай:

1.Бейінді мамандар қарап-тексереді, консультация жасайды;

2. Диагностикалық қызметтер,  зертханалық диагностика;

3.Медициналық манипуляция, түрлі ем және хирургиялық операциялар. Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың көмегімен қауіпті  ауруларды емдеу;

4. Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалану;

5.Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

6. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың созылмалы ауруы асқынғанда, жағдайы ауырлағанда үйде стационарлық көмек көрсету.

Енді стационарды алмастыратын көмектің бизнес-процесін қарастырып көрейік. Мұнда БМСК маманы мына қызметтерді жүзеге асырады:

1. Пациенттің диагнозына қарай, диагностика мен клиникалық емнің хаттамасы негізінде, қажетті клиникалық-диагностикалық зерттеу жасайды, бейінді мамандардың консультациясы;

2. Бейінді мамандардың ұсынысымен үйдегі стационарда және күндізгі стационарда  емделіп жатқан пациенттің медициналық картасынан  үзінді дайындайды.

3. Емдеуге жатқызу бюросының порталында аурулардың халықаралық жүктемесі -10 кодтарынасәйкес негізгі диагнозды көрсете отырып,тәулік бойғы стационар жанындағы күндізгі стационарға, амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарғажәне үйдегі стационарға жоспарлы түрде емге  жатқызу күнін тіркейді.

4. Жоспарлы емге жатқызу күнін, қабылдаушы тарап медициналық ұйымға түскен жолдамалардың кезегіне қарай  анықтайды.

Амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационарда әлеуметтік себептерге байланысты стационарда жатып емделуге мүмкіндігі жоқ бір жасқа толмаған  емізулі баласы бар ана, 3 жасқай дейінгі балалары бар ана, мүгедек жанды күтіп-қарап отырған адам тәуліктік стационарда емделеді және тексеріледі.Сонымен қатартәуліктік медициналық бақылауды талап етпейтін созылмалы аурулар асқынғанда, динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруы бар пациенттерді белсенді түрде жоспарлы сауықтыру кезінде,аурулардың халықаралық жүктемесі-10 коды бойынша аурулардың тізбесіне қарамастан, стационарлық емдеуден кейін келесі күні пациентті күндізгі стационарда  терапиялық бейінді емдеу,3-ші кезеңдегі оңалту курсы және паллиативтік көмекте осы орайда көрсетіледі.

Пациент тәулік бойғы стационар жанындағы күндізгі стационарға мына төмендегі жағдайларда жатқызылады:

- Егер операция жасалатын болса, ота алдындадайындық және реанимациялық көмекқажет болса;

- алдын ала әзірлікті талап ететін және амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымдарда жоқ күрделі диагностикалық зерттеулер жүргізгенде;

- қан препараттарын, қанның орнын алмастыратын сұйықтықты көктамырға құю, әсері күшті препараттар инъекциясы, буынға дәрілік заттар салуға байланысты бақылау және емдеу;

- аурулар тізбесіне қарамастан стационарлық емнен кейін, келесі күні пациентті күндізгі стационарда толық емдеу;

- тәулік бойғы стационарда емдеу үшін АХЖ-9 кодына сәйкес аурулардың тізбесі бойынша операциядан  кейін келесі күні емдеу;

- паллиативті көмек;

- химиотерапия, сәулелік терапия, мамандандырылған емнен  кейін онкологиялық пациенттердің патологиялық жағдайын түзету.

Денсаулығына байланысты күндізгі стационарға өзі келе алмйатын және тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін науқасқа үйде стационарлық көмек көрсетіледі.

Күндізгі стационар маманы пациент күндізгі стационарға немесе үйдегі стационарға түскен жағдайда медициналық құжаттама толтырады; пациентті диагнозына қарай  емдейді; емдеу бағдарламасына сәйкесбағдарламалық терапия алатын науқастардан өзге, күндізгі стационарда емделіп жүрген пациенттерді күнде қарап-тексереді; күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек алып жүрген пациентті қарап-тексереді, еміне түзету енгізеді, қажет болса, қосымша зертханалық, медициналық құралдармен тексередіжәне бейінді мамандардың консультациясына жібереді; жағдайы жақсарған және стационарды алмастыратын көмекке мұқтаж емес пациентке терапияны жалғастыру қажет болса, тіркелген жері бойынша БМСК маманының бақылауымен амбулаториялық ем алуға жібереді және кенеттен науқастың жағдайы нашарласа, дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетеді және жедел медициналық көмек бригадасы пациентті тәулік бойғы стационарға жеткізеді.