05 тамыз 2021 17:00

Тасада қалған тұтқындар тағдыры

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау" жөніндегі игі бастамасы көпшіліктің көңілінен шығып отырғаны даусыз. Егемен еліміз үшін, тарих ғылымы үшін бұл маңызы зор оқиға. Оңтүстік өңірінде құрылған комиссияның жұмысшы топ мүшесі ретінде біз де архив  қорларында елеусіз қалып қойған "Түркістан легионы" қатарында болған оңтүстікқазақстандықтардың аянышты тағдырына қатысты құнды құжаттарды мұқият зерделеудеміз.

Ендігі жерде жазықсыз жапа шеккен осы әскери  тұтқындарды ақтайтын мезгіл жетті. Өйткені, бүгінгі ұрпақ, Отан үшін от кешкен жауынгерлердің туған-туыстары, жақындары олардың тағдыры туралы білуі тиіс.

Ендеше сол жат жерде жау қолында қалып, қапастан құтылса да қасірет шеккен қандастардың  бірқатарының талайлы тағдырына қолымызда бар архив деректеріне сүйене отырып мынандай мәселелерге назар аударуды жөн көріп отырмыз.

Біздіңше әр құжаттың, әр тергеу хаттамасының артында сарсаңға түскен сарбаз тағдыры тұр. Сондықтан біз әскери тұтқындар жөнінде сөз еткенде, ақтау үдерісінде тек әскери трибуналдың тұжырымын ғана негізге алып қоймай, тұтқындардың хаттарына байыппен үңіліп, өз қолдарымен жазған арыз-шағымдарына да көбірек сүйенетін болсақ, әділеттің салтанат құратыны күмәнсіз. Себебі әскери трибунал шешімдерінде тұтқындарды бір жақты қаралау басым. Кеш те болса басы бұғаудан босамаған бауырларымызды толық ақтап алсақ, тарихымыздың бұл «ақтандық» беттері де ашыла түсер еді.

Сейдехан Әлібек
Тарих ғылымдарының докторы,
М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети