01 сәуір 2014 16:43

Түбі бір түркіні түгел таныдық па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Тіл ұшына орала кететін «Түбі бір – түркілер» деген тіркесті қазір жиі-жиі тілге тиек ететін болдық. Бұлай болуы заңдылық. Әрбір халық өркениет өресіне өрлеймін десе, өткенін ұмытпай, оны ұлықтауды жадынан жоғалтпайды. Қазақ халқы да орта жолдан қосыла салған ұлт емес. Біздің де түпсіз терең тарихымыз бар, оны түрте қалсаңыз қаншама шежірені білуге әбден болады. Десе те, кезінде саясаттың салқыны соқты. Соның ыңғайымен көп нәрсені білсек те, білмегендей күй кешіп кеткеніміз жасырын емес. Тіпті, түбі бір туыс халықтарды әрең танитын халге түстік. Мәселен, түбі бір – түркілер дегенде қанша ұлттың бар екенін сіз білесіз бе? Әрі кеткенде олардың санын 10-ға толтырып тастарсыз, одан көбін біле қоймайсыз. Осы тақырыпты түбінен қопарып, зерделі зерттеу жүргізіп жүрген зиялы ғалымдар біле қоймаса, қалғанымыз сол білгенімізге шүкірлік айтарымыз анық. Әрине, замана желі әр кезде әрқалай соғып тұрады. Кезінде жер-дүниені тітіркентіп, айдай әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған түркілер түрлі-түрлі себептермен сан тарапқа тарыдай шашырап кеткені тағы да рас. Ендігі кезекте бұл бағытта тереңірек зерттеу жүргізіп, қаны мен жаны бір-біріне жақын ұлт пен ұлыстың арасын қалай жақындата аламыз деген сауал төңірегінде ойласқанымыз артық емес. Бұл ойды «Алаш айнасы» тілшісі ортағаи салды.

Рас, қазір жағдай бұрынғыдай емес. Қазақстан секілді көптеген түркі жұрты өз егемендігін алып, жеке-жеке түтін түтетіп, өз қолына өз аузына жетіп отырған жағдайы бар. Оған шүкірлік айтқанымыз артық болмас. Өйткені, саясаттың салқыны қайсыбір кезеңде бір-бірінен еншісі бөлінбеген сан алуан түркі халықтарының ортасын бөліп, олардың бір-бірімен қатынасына тосқауыл қойды. Бүгінгі жағдай мүлдем бөлек. Десе де әлі де проблема жоқ. Бірқатар ұлт пен ұлыс әлі де өзгенің қас-қабағына қарап, кіріптар күйге түсіп отырғаны тағы да ойлантады. Ендігі кезекте біз осындай проблемаға байланысты ойланып-толғанып, түркі халықтарын қалай бір-біріне жақындата аламыз деген түйінді түйткіл төңірегінде ойланғанымыз жөн болар. Ол үшін ең алдымен өзіміз түркі халықтарын түгендеп алғанымыз артықтық етпес.

Соңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда әлемде 180 миллионның шамасында түркі тектес халықтар бар екен. Әрине, осының өзі біздің санымыздың мол екенін айғақтайды. Олардың арасында түркілердің ең көп шоғырланға жері – Түркия, мұнда 76 млн. түркі тектес халықтар мекен етеді. Одан кейінгі кезекте Өзбекстан – 23, Иран – 18, Қазақстан – 16, Қытай – 11, Ресей – 10, Әзірбайжан – 8,5, Түркіменстан – 5,5, Қырғызстан – 5,4 түркі халықтарына қоныс болып отыр. Сондай-ақ, Еуропалық одақ елдерінде – 5, Ирак – 3 млн, Ауғанстан – 932, Болгария – 747, АҚШ – 500, Кипр – 260, Австралия – 250, Украина – 248,2, Сауд Арабиясы – 200, Грекия – 150, Македония – 78, Пәкістан – 60 мыңға жуық түркі халықтарына мекен болуда. Әрине, олар қоныс еткен жерлеріне қарай өздерінің ана тілдерімен қатар сол мемлекеттердің негізгі ұлттарының тілінде де сөйлейді. Мәселен, олар көне түркі, араб, ағылшын, орыс, француз, қытай, өзбек, қазақ және өзге тілдерде сөйлейді.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети