09 шілде 2014 11:12

Туған қызыма анасы екенімді айта алмай жүрмін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

 Ішімдегі дерт мені 27 жыл бойы жегідей жеп келеді, деп бастапты хатын Оралхан Рахымбекқызы өзінің «Алаш айнасына» жолдаған хатын. Бұл хатты оқыған адамның көзіне еріксіз жас үйірілді. Ана үшін өз баласын бауырына баса алмаудан асқан дерт бар ма? Құрметті оқырман, Оралхан апайдың өмір бойы өзегін өртеген мұңы мен сырын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында 1964 жылы дүниеге келдім. Бүгінде осы жерде бала-шағаммен тұрып жатырмын. Біз отбасында 7 ағайындымыз, мен үйдің үшіншісімін. Әкеміз Рахымбек өмірден ерте кетті, анамыз Гүлбаран жетеумізді жалғыз жетектеп жүріп жеткізді. Әкем дүниеден озғанда үлкен ағам 17 жаста болса, кенже інім 1,5 жаста ғана еді. Анамыз бізге жетімдік көрсеткен жоқ, әкеден ерте қалған соң біз де ерте есейдік, анамызға қолқанат болдық. Мен мектепте жақсы оқысам да жоғары оқу орнына түсе алмай бірнеше жыл колхозда жұмыс істедім. Ол кезде қалаға кететін жастар аз, көбіміз ауылда еңбек етуші едік қой. Сөйтіп колхоздың қойын қырқып, анда-санда мәдени шараларға да қатысып жүрген жастық шақта мен өзімнің махаббатымды жолықтырдым. Менің жүрегімді жаулаған жігіт қараторының келбеттісі, ұзын бойлы келісті жігіт еді. Есімі Қанат. Қайрат екеуміз ауыл клубындағы жастарға арналған би кешінде таныстық. Уақыт өте келе таныстығымыз достыққа, достығымыз махаббатқа ұласты. Сөйтіп жүргенде мен Алматыға оқуға, ол әскерге кететін болдық. Екеуміз екі жақта жүрсек те бір-бірімізге хат жазысып, отбасын құруға сөз байластық.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети