Түркістанға ерекше мәртебе беріледі - Сенат заң жобасын мақұлдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Тиісті заң жобасын бүгін Сенат депутаттары мақұлдады.

Бүгін Сенатта Түркістанға қатысты екі заң жобасы қаралды: "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

"Қарастырылып отырған заңның мақсаты - Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді реттеу. ...Туризм саласын дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша бірқатар құзыреттер беріледі, оның ішінде:

  • туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде;
  • жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша; 
  • сыйымдылығы сегіз орыннан асатын көлік құралдарын сатып алу бойынша және т.б.

Бұл түзетулер туристік инфрақұрылым мен қызметтерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді сенатор Бауыржан Қаниев.

Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы құрылыс мәселесі талқыланды.

"Кесене айналасындағы құрылыстың бірыңғай стандарттарын және Түркістан қаласының аумағында сәулет пен қала құрылысының бірыңғай стилистикасын қамтамасыз ету үшін нормалар көзделген. Осылайша, жергілікті өкілді және атқарушы органдар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге жауапты болады", - деді сенатор.

Одан бөлек Түркістан қаласының әкімдігіне барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткішті анықтау, зерделеу, сақтау, жергілікті жердің тарихи-сәулеттік тірек жоспарлары мен карта-схемаларын жасау бойынша құзыреттер берілмек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer