AirAsia ұшағының апатқа ұшырау себебі жария етілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Индонезияның метеорологиялық агенттігі AirAsia ұшағы мұз болып қатып, соның кесірінен қозғалтқыш істен шығуы мүмкін деген болжам айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Индонезияның метеорологиялық агенттігі AirAsia ұшағы мұз болып қатып, соның кесірінен қозғалтқыш істен шығуы мүмкін деген болжам айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ұшақпен соңғы жасаған байланыста алынған мәліметке негізделсек, оқиғаның себепкері - қолайсыз ауа райы болып отыр. Нақтылап айтар болсақ, лайнер мұз болып қатып, соның кесірінен ұшақтың қозғалтқышы істен шықты", - деп үзінді келтірген Франс Пресс агенттігі метеорологтардың баяндамасынан.  

Айта кетейік, бұған дейін апатқа ұшыраған AirAsia ұшағындағы қаза болғандардың бірінің аты-жөні анықталған еді. Ұшақтың құлаған жерінде табылғандардың бірінің аты-жөні - Хайяти Лютфие Хамид. Сарапшылар қаза болған әйелдің кім екенін саусақ іздері мен хирургиялық тігісінен анықтады. Мұнымен қатар, оның қалтасында жеке куәлігі болған. Мәйіттердің кімдікі екені біртіндеп анықталып жатыр.

Таяуда Индонезияның әскери кемесі Ява теңізіндегі Airbus апатқа ұшыраған ауданнан ұшақтың құйрық бөлігін тапқаны да белгілі болды. Ұшақтың құйрық бөлігі 29 метр тереңдікте жатыр.

Airbus ұшағы индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурға 28 желтоқсанда ұшып кеткен болатын. Бір сағатқа жетпей ұшқыш қолайсыз ауа райына байланысты бағыты мен ұшу биіктігін өзгертуге рұқсат сұрайды. Ол бұлтты аймақты айналып өтуге рұқсат алады, бірақ басқа ұшақтар да ұшып жүргендіктен оған биіктікті өзгертуге тыйым салынады. Бұдан кейін лайнер алдын ала апат белгісін бермей, радар экрандарынан жоғалып кетеді. Бұл уақытта ол индонезиялық Банка-Белитунг провинциясының Танджунгпандан қаласының оңтүстік-шығысында шамамен 100 теңіз милі шақырымында болады. Ұшақ бортында 162 адам болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer