Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Деннис Родман Ким Чен Ынның өз ағайын өлтіргенін жоққа шығарды

06 Мамыр 2014, 21:14
0
Деннис Родман Ким Чен Ынмен бірге. ©Тelegraph.co.uk
Деннис Родман Ким Чен Ынмен бірге. ©Тelegraph.co.uk

Өткен жылы Ким Чен Ынға бірнеше рет қонаққа барған америкалық баскетболшы Деннис Родман Солтүстік Корея басшысының өз ағайыны Чан Сон Тхэк пен көңілдесі Хен Сон Вольді өлім жазасына кескені туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Agence France-Presse.

Спортшының айтуынша, батыстағы халық КХДР жайлы айтылып жатқан әңгімелердің бәріне сене береді. "Мен оған соңғы рет барар алдында бәрі Ким Чен Ын өзінің құрбысын атып тастады, ал ағайын сойып, итке берді деді. Бірақ біздің кездесуіміз барысында сол ағайы менің артымда дін аман күйінде тұрды", - дейді Родман.

Баскетболшы батыс бұқаралық ақпарат құралдарының солтүстіккореялық басшы мен оның режимін көпе-көрінеу қаралайтынын айтты. "Ким Чен Ын ядролық соғысты қаламайды. Қырып жоятын қару оған америкалық ызақорлардың арынын басу үшін қажет", - дейді Родман.

Спортшы жұрттар жиі сөз қылатын Солтүстік Кореядағы еңбек лагерьлерінің барлық мемлекетте де бар екенін айтты. Еске салайық, Деннис Родман КХДР-ға ең бірінші рет 2013 жылдың ақпан айында барды. Соңғы рет биылғы қаңтар айында қонақта болды. Наурыз айында баскетболшы Нью-Йорк отельдерінің бірінде Ким Чен Ынның шын мәнінде қандай кісі екенін дәлелдеу үшін адамдармен жаға жыртысуға дейін барды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай