16 қазан 2014 17:08

Гималайда 36 турист қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Непал тауларындағы қар көшкіні. ©REUTERS Непал тауларындағы қар көшкіні. ©REUTERS

Гималайда қар көшкінінен 36 турист қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Гималайда қар көшкінінен 36 турист қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Непал треккинг агенттіктері қауымдастығы 29 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. "Жеті туристің денесі таудан Мустанг әкімшілік округіндегі Муктинатх даласына жеткізілді, олардың алтауы - шетелдік, біреуі - Непал азаматы", - делінген хабарламада. Гималайда қаза тапқан шетелдік туристердің азаматтығы анықталып жатыр.

Агенттіктің мәліметінше, Гималайдың Торанг-Ла өткелі ауданында қар көшкен, бұл жер - туристік бағыттың бір бөлігі. Зардап шеккендердің арасында Ресей азаматтарының бар екені хабарланды. "Екі адам 4150 метр биіктікте қалып қойды. Қар көшкіні олардың жолын кесіп тастады. Олар тікұшақты күтіп отыр. Бізде әзірше қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлады Ресейдің Непалдағы елшілігінің өкілдері.

TAAN агенттігінің мәліметінше, Гималайда, соның ішінде, Тиличо көлі, Дхаулагири тау алабындағы базалық лагерь, Пху даласы, Торанг-Ла тау өткелі, Манаслу тауы аудандарында тағы да біраз турист қалып қоюы мүмкін. 

Екі жыл бұрын Гималайда ресейлік туристің жоғалып кеткені хабарланған еді. 35 жастағы Владислав Костернов өзін-өзі сақтандырмаған, оның тауға арналған саймандары болмаған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети