Ким Чен Ын КХДР армиясын АҚШ-пен соғысқа дайындалуға шақырды

28 Ақпан 2015, 16:44
0
Ким Чен Ын КХДР армиясын АҚШ-пен соғысқа дайындалуға шақырды - Ким Чен Ын. ©Tengrinews.kz
Ким Чен Ын. ©Tengrinews.kz

Корей халық демократиялық республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын ел армиясын АҚШ-пен және оның одақтастарымен соғысқа дайындалуға шақырды, - деп хабарлайды Газета.RU Кореяның орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

"Мына қалыптасқан жағдайда, ұлттарды біріктіру үшін ұлы соғыс жақындап қалған кезде Корей халық армиясы гвардиялық бөлімшеге айналуы тиіс, ол саяси, идеологиялық, материалдық және техникалық жабдықталу жағынан  соғысқа дайын болуы керек", - деп келтіреді агенттік Ким Чен Ынның сөзін.

Осыған дейін КХДР үкіметі Оңтүстік Кореяға Пхеньянға қарсы "басқыншылық соғыста" АҚШ-қа қосылатын болса, "мұның арты жақсы болмайтынын" айтып, қорқытқан еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай