02 қаңтар 2015 13:08

Қос Корея ұзақ жылғы текетіресті тоқтатуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.vse42.ru ©news.vse42.ru

Сеул Пхеньянмен арада дұшпандық текетіресті тоқтатуға бар күшін салады деп хабарлайды РИА Новости. Оңтүстік Корея премьер-министрі Чон Хон Вон жұма күні осылай деп мәлімдеді. Еске салайық, өзінің жаңажылдық құттықтауында КХДР жетекшісі Ким Чен Ын 2015 жылы Оңтүстік Корея билігі өкілдерімен ең биік деңгейде келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

"Үкімет тайталастық көңіл-күйді реттеу үшін және корейаралық диалог пен жетістіктерге бірлесе ұмтылуға есік ашу үшін белсенді түрде күш салатын болады", - деп мәлімдеді Оңтүстік Корея премьер-министрі. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Чон Хон Вон: "Биыл біз мәңгілік бейбітшілік орнатып, Корея түбегінде бірігуге бір қадам жасауымыз керек", - деді. 

Оңтүстік Корея бірігу істері жөніндегі министрі Лю Киль Дже де Ким Чен Ынның тосын мәлімдемесіне қатысты көзқарасын білдірді. Оның айтуынша, бұл - оң мәлімдеме және Сеул қос Корея арасында диалогты жылдам бастауға мүдделі. 

Мұның алдында Ким Чен Ын "Егер тиісті оң әсерлер мен одан кейінгі шарттар болса, бізде биік деңгейде келіссөздер жүргізбеуге негіз жоқ", - деп мәлімдеген еді. Айта кетейік, Корея түбегіндегі қос ел 1953 жылдан бері соғыс жағдайында өмір сүріп келеді. Бейбітшілік туралы келісімге әлі қол қойылған жоқ. Екі ел арасында бірігу мәселелері талқыланғанымен, түрлі оқиғаларға байланысты жағдай жиі шиеленісіп келеді. Айталық, 2010 жылы Сары теңізде Оңтүстік Кореяның "Чхонан" әскери кемесі батып кеткен кезде соғыс туындай жаздады. Сеул кемені Солтүстік Корея торпедамен атып түсірді деп есептейді. Ал Пхеньян тергеу нәтижелерінің қолдан жасалғанына сенімді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети