Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қытайда зілзала құрбандарының қатары 600-ге жуықтады

06 Тамыз 2014, 10:06
0
©bicpicture.ru
©bicpicture.ru

Қытайдағы жер сілкінісінен барлығы 589 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Бұған дейін 410 адамның өмірі қиылғаны хабарланған еді. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында 3 тамыз күні магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт 16.30-да тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Вэньпин елді мекенінен 11 шақырым, Чжаотун қаласынан 29 шақырым қашықтықта анықталды. Дүмпу ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.

Зілзала кезінде Қытайдың Лудиан округі көп зардап шекті. Онда 265 мың адам тұрады. Телефон байланысы үзіліп, бірнеше ғимарат қирады, электр желілері зақымданды. Провинция билігі апат аймағына гуманитарлық көмек жөнелтті. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл - Юньнаньда соңғы 14 жыл ішінде болған ең жойқын зілзала.

  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай