01 қараша 2014 12:07

Қытайлық жемқордан екі тонна ақша тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: scmp.com Фото: scmp.com

Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеушілер шенеунікті тексеріп, одан ел тарихындағы ең ірі сомма - 200 миллион юаннан аса (33 миллион доллар) ақша тәркіледі, деп хабарлайды BBC News.


Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеушілер шенеунікті тексеріп, одан ел тарихындағы ең ірі сомма - 200 миллион юаннан аса (33 миллион доллар) ақша тәркіледі, деп хабарлайды BBC News.

"BBC ресейлік қызметінің" мәліметінше, тәркіленген ақшаның жалпы салмағы екі тоннаны құраған. Тіпті оларды санау кезінде ақша есептейтін 16 құрылғы істен шығып қалған. Мұндай рекордтық сомма осы жылдың мамыр айында Қытайдың энергетика министрлігінде басшылық қызмет жасайтын Вэй Паньгуанның үйін тексеру кезінде табылған. 

Қытайда тек осы жылдың он айының ішінде жемқорлық және парақорлықпен 13 мың шенеунік айыпты деп табылған. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин елде жемқорлықпен күрес қарқынды жүретінін, тіпті жоғары мәртебелі шенеуніктер де жазадан құтылмайтынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети