Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Тоғыз жапон Жаңа жылда күріш бәлішіне қақалып өлді

04 Қаңтар 2015, 12:12
0
"Моти" бәліші қосылған "дзони" сорпасы. ©wikipedia.org
"Моти" бәліші қосылған "дзони" сорпасы. ©wikipedia.org

Жапонияда тоғыз адам "моти" деп аталатын күріш бәлішіне қақалып өлді. Бұл - Жаңа жылда дәстүр бойынша жасалатын тағам, - деп хабарлайды AFP. Токио қаласының өзінде үш адам қайтыс болды. Сонымен қатар, 18 адам тұншығып, ауруханаға түсті.

Басылым елде қазіргі уақытта 13 адамның хал үстінде жатқанын жазады. Жаңа жылда Жапонияда отбасылар "дзони" сорпасын дайындайды, оған "моти" деп аталатын жабысқақ күріш бәліші қосылады. Құтқарушылар азаматарды бұл тағамды жемес бұрын майдалап турап алуы керектігін айтып, ескерту жасауға мәжбүр. Елде дәл осылай қақалып қалу жағдайы жыл сайын болып тұрады.  

Осыған дейін Ресейде Жаңа жылда 41 жастағы әйелдің 42 жастағы көңілдесін оливье салатын аяқпен басқаны үшін өлтіргені хабарланған еді. Жұп Интернетте танысып, Жаңа жылды бірге атап өтуге келіседі. Ер адам әйелдің үйіне досымен бірге келеді. Дастархан үстінде досы салатты құлатып алғаннан кейін, әйел оны жерден жинай бастайды. Бұл кезде оның сүйіктісі тағамды таптай бастайды. Әйел оған ұрысқан сәтте ер адам оны жұдырықпен ұрады. Әйел оның бұл әрекетіне шыдамай, пышақтап тастайды. Дәрігерлер ер адамды құтқара алмады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай