Алматыда Бостандық ауданындағы көше екі күнге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Бостандық ауданындағы көше екі күнге жабылады Фото:depositphotos.com

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Tengri Auto қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Tengri Auto қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мән-жайы

Ақпаратқа сәйкес, 13 мамыр сағат 08:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.

"Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - деп хабарлады әкімдік.

Фото: Almaty_Joly

Аталған учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері жазылған стендтер орнатылатыны хабарланды.

Жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Бұған дейін Астанадағы жолдың бір бөлігі 10 күнге жабылатыны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Астана - Қарағанды - Алматы тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады.

TengriAuto