Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2015 жылы Қазақстанда көлік сатып алу азаяды - сарапшы

26 Желтоқсан 2014, 18:09
0
©autokost.kz
©autokost.kz

Қазақстандықтар келесі жылы көлікті сатып алуды азайтады, - деп хабарлайды Тенгри FM радиосының ақпарат қызметі Қазақстанның Тәуелсіз автокөлік одағының басшысы Эдуард Эдоковқа сілтеме жасап.

Ол келесі жылы қандай да бір даму немесе қандай да бір қуанышты тенденция бола қоймайтынын айтады. Себебі жалпы экономикалық ахуал, оның айтуынша, көңіл көншітерліктей емес. "Біздің Президентіміз де үнемдеу керектігін айтып отыр. Жекелеген адамдардың да, мемлекеттің де табысы мұнайға байланысты, ал мұнай бағасы қазіргі уақытта төмен. (...) Қазақстандықтардың сатып алу қабілеті жақсармайды. Менің ойымша, келесі жылы автокөліктердің сатылымы осы жылмен салыстырғанда (2014 жыл - Авт.) нашар болады", - деді Эдоков.

Сонымен қатар, оның пікірінше, автомобильдердің бағасы өспейді. "Бағасы не төмендейді, не осы деңгейде сақталады. Ресейден келетін автокөліктерге салынатын қосылған құн салығы алып тасталады және бұл елдегі көлік сатып алу жағдайына әсер етеді деген үміттеміз", - деді Қазақстанның Тәуелсіз автокөлік одағының басшысы. Оның ойынша, осы айтылған себептерден көліктердің құны арзандайды. 

Маман 2014 жылы Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылымы жаман болмағанын, өткен жылмен салыстырғанда көбірек болғанын айтты. Бірақ, оның пікірінше, екінші жартыжылдықта Ресейдегі рубль жағдайында байланысты үлкен өзгерістер болды. "Ресей рублімен болған ахуал қазақстандық сатып алушыларға жақсы мүмкіндік берді, біздің дилерлер қойып отырған бағадан тіпті 50 пайызға арзанға көлік алып келуге жағдай болды. Бірақ бұл отандық дилерлер үшін өте қиын болды, олар бұл жағдайды көп уақыт бойы есінде сақтайды", - деді Эдоков.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінетін көліктерге қосылған құн салығы салынбайтын болатыны хабарланған еді. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден импортталатын тауарларды кәсіпкерлік мақсатта әкелінбейтін жеке тұлғаларға жанама салық салынбайды", - делінген Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың "Салықтар мен салық салу" бөлімінде. Еуразиялық экономикалық одақтан келетін көліктердің рөлі сол жақта болуы және Евро-4 экостандартына сәйкес болуы қажет.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай