22 шілде 2020 11:30

Алматыда карантинге қарамастан автобустар көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматыда жолаушылар көбейген соң бес бағыт бойынша автобустар толық жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty avtobustary-на сілтеме жасап.


Алматыда жолаушылар көбейген соң бес бағыт бойынша автобустар толық жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty avtobustary-на сілтеме жасап.

Қалалық мобильділік басқармасы Алматыда қоғамдық көліктегі жолаушылар саны артқанына байланысты осындай шешім шығарған.

22 шілдеден бастап 4, 23, 7, 31, 67 бағдарларында автобустар 100 пайыз жүреді.

Жолаушылар ағымы қадағаланып отыр. Соған байланысты басқа бағыттардың да жоспарлы көрсеткіштері қайта қаралуы мүмкін.

Бұған дейін Алматыда карантинге байланысты автобустар саны 20 пайызға қысқарғаны хабарланған. 

Еске салайық, карантин шаралары күшейтілген соң Алматыда қоғамдық көлік жұмыс күндері сағат 06.00-ден 22.00-ге дейін жүреді, ал демалыс күндері жұмыс істемейді. Сондай-ақ санитар дәрігерлердің нормасына сәйкес, автобустар мен метрода көліктің 50 пайызы бос болуы керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети