30 қыркүйек 2021 20:30

Жас жүргізушілерге күзде көлікті қауіпсіз жүргізу бойынша 5 кеңес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлікті күзде жүргізудің құрғақ және жылы ауа райында жүргізуден айырмашылығы бар. Ауа райы қолайсыз болғанда көлік жүргізер алдында не нәрсеге назар аударып, жол апатына ұшырамау үшін тайғақ жерде немесе тұманда қалай жүру керегін білу қажет. Біз Chevrolet сарапшыларымен бірге күзде көлікті қауіпсіз жүргізуге қатысты 5 кеңес дайындадық.


Көлікті күзде жүргізудің құрғақ және жылы ауа райында жүргізуден айырмашылығы бар. Ауа райы қолайсыз болғанда көлік жүргізер алдында не нәрсеге назар аударып, жол апатына ұшырамау үшін тайғақ жерде немесе тұманда қалай жүру керегін білу қажет. Біз Chevrolet сарапшыларымен бірге күзде көлікті қауіпсіз жүргізуге қатысты 5 кеңес дайындадық.

1. Рөлге отыруға асықпаңыз

Көшеде ауа райы жаман болса да, рөлге отыруға асықпаңыз. Алдымен көлікті жақсылап жылытыңыз, пешті алдыңғы терезеге бағыттаңыз және шыны буланбауы үшін кондиционер режимін қосыңыз (сол кезде ауа құрғақ болады). Терезе тазалағыштың резеңкесін шүберекпен сүртіп, әйнекжуғы багындағы сұйықтықты тексеріп шығыңыз. Жаңбыр жауып, дала балшыққа батқанда шыны тазалағыштардың маңызы ерекше. Аяқ киіміңізді қағып отырыңыз, себебі табанға жабысқан жапырақтар педаль басқанда қатты сырғып кетеді. 

Айта кетейік, заманауи Chevrolet автокөліктеріндегі жаңа технологиялар жүргізушілердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Мысалы, борт компьютері иесіне кез келген сұйықтық, тіпті әйнекжуғы деңгейі кенеттен төмендеп кеткенін хабарлап отырады.

2. Аккумулятор қуаты мен дөңгелек қысымын тексеріңіз

Күзде электр энергиясының шығыны күрт артады: жарықтандыру техникасы, пештің желдеткіші, шыны мен айналарды жылыту, терезе тазалағыштар. Қысқа сапарларда аккумулятор толық зарядталмай қалуы мүмкін - егер оның қуатын тексермесеңіз, күн салқындағанда жұмыс істемей қалады. 

Күзгі салқын басталуымен шинаның қысымы төмендейді - температураның әр 10 градусына шамамен 0,1 барға азаяды. Егер сіз қысымды кейінгі рет жазда тексерсеңіз және ол кезде қысым қалыпты болса (мысалы, 2,3 бар), онда күздің түнінде, температура нөлге жақындағанда, шиналарда тек 2,0 бар қалады.

Заманауи Chevrolet Tracker, Chevrolet Equinox және Chevrolet Traverse автокөліктерінің ерекше функциясы жүргізушіге бұл жағдайда көмектесе алады. Борт компьютері дөңгелек қысымы төмендегенін ескертіп, аккумулятор зарядының жағдайы туралы хабарлап отырады.

3. Жылдамдықты азайтып, шалшық пен жапырақтардан сақтаныңыз

Күз белгілерінің бірі - жапырақтар түсуі. Мұндай жағдайда автомобиль мен жолдың ілініс коэффициенті азаяды. Мұз үстімен жүруге қарағанда жапырақ үстімен жүру жаман. Алдын ала жылдамдықты азайтып, қашықтықты сақтап, абай болыңыз!

Кәдімгі шалшықтардың қаупін ұмытпаңыз. Олардан баяу айналып өтуге тырысыңыз. Сіз көрмеуіңіз мүмкін, бірақ онда ашық канализация, үлкен шұңқыр, тастар немесе балшық болуы мүмкін. Сонымен қатар, шалшықтардан жылдамдықпен өту басқа да қиындықтарға әкелуі мүмкін: оталдыру жүйесіне су тиюі ықтимал немесе акважоспарлану әсерінен рөлді басқара алмай, апат жағдайына түсуіңіз әбден мүмкін (яғни су протектордан шығып үлгермейді немесе нашар шығарылады, кейін протектор мен шалшық арасында су қабыршағы құрылады).

Егер шалшыққа үлкен жылдамдықпен кірсеңіз, дереу тежегішті басуға тырыспаңыз! Көлік міндетті түрде сырғып немесе тайып кетеді. Дөңгелектерді тік ұстаңыз. Жылдам бұрылыстар мен маневрлер керек емес. Қолыңызбен рөл дөңгелегін мықтап ұстаңыз - әйтпесе, қолдан шығып кетеді. Судан қатты жолға шығу - ең маңызды сәт. Қозғалыс тіке болуы үшін үнемі рөлді басқарыңыз.

Көлік ылғалды жолда тайып бара жатқанда, жүргізушіге тұрақтылықты басқару жүйесі (ESP) немесе динамикалық тұрақтандыру жүйесі (StabiliTrak) көмектеседі, ол апат жағдайында автокөліктің тұрақтылығы мен басқарылуын сақтауға арналған. Бұл жүйе Chevrolet компаниясының мына модельдеріне орнатылған: Chevrolet Equinox, Chevrolet Traverse және Chevrolet Tahoe.

4. Жаңбырда көлік жүргізу

Жаңбыр салдарынан жолды көру қиын, сондықтан өте сақ болыңыз. Басқа жүргізушілер дәл осындай қолайсыз жағдайға тап болады, ал жаяу жүргіншілер сақтықты ұмытып, жаңбырдан тез жасырыну үшін жолдың кез келген жерінен жүгіріп шығады. Жауын-шашын кезінде дұрыс көрінбегендіктен, фараларды қосып жүру қажет. Алыс жарық бұл жағдайда көмектеспейді - ол жаңбыр тамшылары арқылы қарсы келе жатқан жүргізушілердің ғана емес, сіздің де көзіңізді жабады. Фараның жақын жарығымен жүру керек немесе тұманға қарсы фараны қолданған жөн.

Жолда абай болыңыз, әсіресе жаңбыр басталғаннан кейінгі алғашқы сәттерде - жолда шаң, топырақ, жанар-жағармай қоспасының қалдығы суланып, көзге көрінбейтін және өте тайғанақ балшыққа айналады. Сондықтан жаңбыр басталған кезде барлық маневрді (жолақтарды өзгерту, жылдамдықты төмендету, тоқтау) өте бірқалыпты орындау керек. Біраз уақыттан кейін жаңбыр тайғақ балшықты жуып өтеді, артынша қозғалыс та қауіпсіз болады.

Жаңбыр жауған кезде автобустар мен жүк көліктерінен аулақ болған жөн. Жауын-шашын күні үлкен дөңгелектерінің астынан әдетте көптеген балшық шашылады, ол сіздің терезеңізге жабысып, жолды көрсетпеуі мүмкін.

Ауа райы қолайсыз болғанда жүргізушіге аймақтандырылған климат-бақылау, жарықсезгіш сыртқы айналар, сондай-ақ жолақты ауыстыру кезінде қауіп туралы ескерту жүйесімен бірге бүйірдегі көрінбейтін жерлерді бақылау функциясы сияқты жаңа технологиялар көмектесуі мүмкін. Бұл функциялар Chevrolet Equinox, Chevrolet Traverse және Chevrolet Tahoe көліктерінде бар.

5. Тұманда көлік жүргізу

Егер даланы тұман кенеттен басып қалса, онда баратын жеріңізге кешігетініңіз анық. Сондықтан асықпаңыз, себебі тұманда жүрудің алтын ережесі: жылдамдық көріну қашықтығының жартысынан аспауы керек. Мысалы, 20 метр жер ғана көрінсе, жылдамдық сағатына 10 шақырымнан аспауы қажет. Есіңізде болсын, тұман кезінде қашықтық дұрыс көрінбей, оптикалық иллюзия болуы мүмкін. Жүргізушілер жиі алдындағы көлікке дейінгі қашықтықты үлкен деп ойлайды. Сондықтан, тұман жолағына түссеңіз, жылдамдықты азайтып, басқа көліктермен қашықтықты ұлғайту қажет.

Тұман кезінде фараның алыс жарығын емес, жақын жарығын қосу керек. Тұманға қарсы фара бар болса, міндетті түрде қолданыңыз. Апаттық сигнал беру батырмасын да қосқан жөн. Терезені ашып, музыканы сөндірген дұрыс, сол кезде жолдағы дыбыстар жақсырақ естіледі.

Айта кетейік, Chevrolet Traverse ксенон фаралармен жабдықталған, олар жарқын және анық жарық береді, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында галогенді фараларға қарағанда жақсы жарықтандырады.

Chevrolet автокөліктерінің сипаттамалары, жинақтары мен сатып алу шарттары туралы толығырақ ақпаратты www.chevrolet-auto.kz сайтынан білуге ​​болады.

Бұған дейін Chevrolet сарапшыларымен бірге отын шығынын азайтуға қатысты топ-5 кеңес пен автокөліктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін топ-7 кеңес ұсынған едік. 

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети