Жылдың ең көп сатылған автомобиль брендтерінің рейтингі жасалды

22 Қараша 2018, 09:12
0

Focus2move сараптама агенттігі жылдың ең көп сатылған автомобиль брендтерінің рейтингін жасады.

Бірінші орын 6,5 миллион дана көлік сатқан Toyota компаниясына бұйырды. Екінші орында Volkswagen: қаңтардан қыркүйекке дейін шамамен 5,22 миллион көлік сатылған. Үштікті 4 миллион данадан аса көлік сатып үлгерген Ford компаниясы қорытындылады. 

Бірінші ондықтағы брендтер  Nissan (3,73 миллион), Honda (3,70 миллион), Hyundai (3,27 миллион), Chevrolet (3,03 миллион), KIA (2,15 миллион), Mercedes және Renault (1,93 миллионнан).

Рейтингті мына жерден көруге болады. 

Ресейлік LADA брендті ТОП-50 тізімінде 48-орында тұр. Тоғыз айдың ішінде "АвтоВАЗ" 286 мыңға жуық көлік сатқан.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай