19 мамыр 2016 17:50

Қазақстанда кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерге сұраныс артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© agropravda.com © agropravda.com

Қазақстандықтар кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерді көптеп сатып ала бастады, - деп хабарлайды Колеса.kz.


Қазақстандықтар кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктерді көптеп сатып ала бастады, - деп хабарлайды Колеса.kz.

"Осыған қарағанда қазақстандықтар жақсы жолдарды әлі ұзақ уақыт күту керектігін түсініп жатыр. Кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктердің нарықтағы үлесінің 10 пайызға артуының басқа себебін табу қиын", - дейді сарапшылар.

Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың сәуір айында SUV автокөліктер класының көрсеткіші 22,9 пайызды құрап, бір жыл өткен соң 33 пайызға дейін жетті. Жеңіл көліктердің үлесі болса 68 пайыздан 54 пайызға қысқарған. Сонымен қатар, минивэн, пикап және коммерциялық техника жиі сатылатын болды.

Сәуір айында Қазақстанда ең көп сатылатын 25 көліктің тізіміне SUV класының 10 өкілі енген еді. Renault Duster 181 көлікпен көш бастап тұр. Ал екінші орынды LADA 4×4 (131 дана) көлігі алса, үштікті RAV4 (124 дана) көлігі қорытындылады. Сонымен қатар, Қазақстанда құрастырылатын Fortuner 89 көлікпен жақсы нәтиже көрсетіп тұрғанын атап өту керек. Жергілікті делдалдар бір маусым бойындағы көрсеткішке қарағанда сәуір айында көбірек көлік сатыпты.


"Айта кетейік, қазақстандықтардың SUV класындағы көліктер мен кроссоверлерге деген қызығушылығы оларды басқа елдерден өзгеше етпейді. Көптеген өндіруші бұл көліктердің сұранысқа ие болуын айтып, бұл кластағы көліктердің тез дамып жатқанын атап өтті. "Жол талғамайтын көліктердің" қазір сұраныста екенін нарықтағы басқа да ойыншылар бірден байқады. Олардың қатарында тіпті Bentley мен Rolls-Royсe та бар", - деді сарапшылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети