23 қазан 2015 16:39

Қазақстандық электрспорткар Алматы жолдарында көктемде пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Smart Astana журналына арналған сурет. © Андрей Халин Smart Astana журналына арналған сурет. © Андрей Халин

Отандық тұңғыш электрспорткар Алматы жолдарында келесі жылдың көктемінде пайда болуы тиіс. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне электромобильді құрастырушы Таир Балбаев айтып берді.


Отандық тұңғыш электрспорткар Алматы жолдарында келесі жылдың көктемінде пайда болуы тиіс. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне электромобильді құрастырушы Таир Балбаев айтып берді.

23 қазанда оның автомобилі "Автошоу-2015" көрмесіне қойылды. "Бұл көлікпен жүріп жүрміз, бірақ тестілеу есебінде ғана. Қазір оның интерьерін безіндіруді аяқтап қалдық. Өкінішке қарай, көрмеге дейін үлгермедік. Уақытты дұрыс есептемеген екенбіз. Бірақ техникалық жағынан электрспорткар дайын, бірақ тестілеу кезінде кейбір тұстары анықталды. (...) Бірақ сынақтан өтіп, полицияға тіркеуге қойғаннан кейін оны өзім айдаймын, көшелерде жүремін. Менің ойымша, ол сәт келесі жылы көктемде туады. Ол уақытқа дейін барлық ақауын қарап шығамыз. Егер қалайтындар болып жатса, шағын сериялы өндірісті қолға аламыз", - деді ол.

Серіктестерінің арқасында Балбаев пен оның командасы қазір автоқұрастырудың жаңа сатысына өтуді жоспарлап отыр - төменгі кузовы бар электромобиль құрастыру. Сонымен қатар, көліктер спорттық емес қалалыққа жақындау болады.

"Бастапқыда көліктің 3D-моделін жасадық, кейін жоғарғы кузовты құрастырдық. Ал қазір төменгі кузовы бар көлікті құрастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл күрделірек, деңгейі де басқа. Бірақ бұл жерде басқа инженеринг қажет болады. Кузовтың мықтылығын есептеп, соққы күші мен оның ауыр болмауын есептеу керек. Орта сериялы өндірісті мақсат тұтып отырмын. Біз елімізде көпшілік істеп жүргендей, көліктерді құрастырумен шектелмей, өз мамандарымызды жинап, жобалап, өз көліктерімізді шығаруды ойлаймыз. Әрине ол кезде спорткар емес, қалаға арналған автомобильдер болады. Эконом-класстағы көліктер. Келесі жылдың ортасында оған бел буа кірісеміз деп ойлаймын", - Балбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Балбаев отандық спорткардың бағасы шамамен 80 мың доллар болатынын айтты. Бұл жобаға шетелдіктер қызығып отыр. Нақтырақ айтсақ, ОАР, Қытай, АҚШ бұл жобаны сатып алуға дайын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети