Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Қазақстандық тұңғыш электромобиль қазан айында таныстырылады

26 Тамыз 2015, 17:55
1
© Андрей Халин
© Андрей Халин

Қазақстандық тұңғыш электромобиль 2015 жылдың қазан айында таныстырылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Электрокар-Прототип" жобасының жетекшісі, отандық тұңғыш электромобилін құрастырушы Таир Балбаев айтып берді.

Оның айтуынша, Автомобиль жүріп тұр, алайда әлі де "шикі күйінде" қалып отыр. Алда жоба жетекшісі отандық электрокарлардың өндірісін реттеуді жоспарлап отыр. "Иә, біз негізгі жұмысты аяқтап қойдық, қаңқасын жасадық, электроникасын іске қостық. Бірақ бұл тек жұмыс үлгісі. Дизайнында қателіктер бар, пневмааспасы істен шыға береді. Көлікті әзірше толықтай жүргізіп жүре алмаймыз, себебі қуаттағышты реттейтін электроника да істен шығып жатыр. Қаңқасының жұмысы да бітпеген, тесіктері бар", - деді Балбаев.

Қазақстандық тұңғыш электромобилінің фотосессиясы. ©Андрей Халин

Жобаның жұмысы кезінде көліктің кейбір электроникасын қайта жасап, өндірушіге қайта жіберу керек болды. Ол істен шығуының себебін түсіндіруі керек еді. "Біз прототипті қандай жағдайға тап болатынымызды білу үшін жасадық. (...) Автомобиль әзірше тіркелмеді, тестдрайвтары да өткен жоқ", - деді ол. 

Қазақстандық тұңғыш электромобильді құрастырушылар қазан айының соңында Алматы қаласындағы автокөлік көрмесінде таныстыруды жоспарлап отыр. "Автомобилімізді автошоуда көрсетуді ойлап отырмыз. Сол уақытқа дейін ақауларын жөндейміз", - деді Балбаев. Алдағы уақытта жоба жетекшісі шектеулі санмен шығатын отандық электрокарлардың өндірісін реттеуді жоспарлап отыр. "Көлік толықтай дайын болғанда көп данамен шығатын үлгіні жасаймыз", - деді ол.

Көліктің құны әзірше анықталмады. Алайда, Балбаевтың айтуынша, отандық спорткардың бағасы шамамен 80 мың доллар болады. Айта кетейік, бұл жобаға шетелдіктер қызығып отыр. Нақтырақ айтсақ, ОАР, Қытай, АҚШ елдерінде бұл жобаны сатып алуға дайын екен. "Мұның барлығы маңызды емес деп ойлаймын, себебі біз мұнда, Қазақстанда қажетпіз. (...) Мен патриотпын және бізді сыртта шикізат өндіретін ел деп атамас үшін бұл жобаны маңызды деп есептеймін", - деді құрастырушы. 

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай