19 мамыр 2014 12:20

Қазақстанның республикалық жолдарында ауыр салмақты көліктердің қозғалысына шектеулер қойылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанның республикалық жолдарында ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңде шектеулер қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның республикалық жолдарында ауыр салмақты көліктердің қозғалысына жазғы кезеңде шектеулер қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қозғалыс шектеулері 1 маусымнан 31 тамыз аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында енгізіледі", - делінген министрліктің хабарламасында.

Ал Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қозғалыс шектеулері 1 маусымнан 15 тамыз аралығында күшінде енеді.

Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының беткі жабындысын сақтау мақсатында көліктік бақылау комитеті органдары ауа температурасы 25°С асқан кездері жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсіретін автокөлік құралдарының (АКҚ) қозғалысына шектеулер енгізеді. "Осындай шектеулер жыл сайын жазғы кезеңде жолдың жоғарғы төсемін сақтау мақсатында енгізіледі, өйткені температура 25°С асқан кезде асфальт қызады да салмақ жүктемесіне сезімтал келеді. Сол себепті, ауыр салмақты көлік жүріп өткенде жол жамылғысын бұзып кетуі ықтимал", - дейді Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Болат Смағұлов.

Б.Смағұловтың айтуынша, қозғалыс шектеулері түн мезгіліне енгізілмейді екен. Шектеулер оңтүстікте сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін, ал солтүстік және орталық облыстарда 11-00-ден 21-00 аралығында қойылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети