11 наурыз 2014 17:51

Ресейде "жылтырап" кеткен көлік дөңгелектері үшін айыппұл салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей жол-потрульді қызметтің қызметкері жүргізушінің құжатын тексеруде. ©РИА Новости Ресей жол-потрульді қызметтің қызметкері жүргізушінің құжатын тексеруде. ©РИА Новости

Ресей "жылтырап" кеткен көлік дөңгелектері үшін айыппұл салуды қалайды, деп жазады NEWSru.com. Мемлекеттік Думаның Көлік Комитеті "жылтырап" кеткен көлік дөңгелектерімен жүргендерді жазалауға енгізуге ұсынатын заң жобасын қарауға кірісті. Полиция көлік дөңгелектері резеңкелерінің жай-күйін қалай анықтайды және ол қандай стандартта болуы керек, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ жылтырап кеткен көлік дөңгелектері үшін екі мың рубль айыппұл салу ұйғарылып отыр. Бұл ретте жүргізуші өздігінен дөңгелектерді қайта ауыстыруына тура келеді. "Негізі жылтырап кеткен көлік дөңгелегімен құрғақ асфальтта сағатына 20 шақырым жүруге болады. Алайда тозығы жеткен көлік шиналары - адам өлімімен аяқталатын көптеген апаттарға себеп болуда",- деп түсіндіреді көлік сарапшылары. Еске сала кетейік, осыған ұқсас заң жобасы ресейлік Мемлекеттік Думада әлдеқашан қаралған болатын. Ол кезде, 2012 жылы шенеуніктер жазғы шиналарды қыста пайдаланғандарға айыппұл салуды ұсынған еді. Маусымға лайықсыз көлік дөңгелектерімен жүргені үшін жүргізушілерге бір мың рубль мөлшерінде айыппұл салу ұйғарылған. Алғашында бұл бастаманы көпшілік жақсы қолдады, тіпті оны Мемлекеттік Дума жұмысының үлгілі жоспарына да қосты. Алайда 2014 жылдың ақпанында Үкіметтен жағымсыз жауап келді. Заң жобасы авторларымен бірге кері қайтарылды. Қарсы қойылған дәлелдер арасында, мәселен мынадай: "шиналарды екі жылда бір рет ауыстыру қажеттігі автокөлігі бар бюджеттік мекемелерге көптеген шығынды талап етеді",- деген дәйектер бар. Солай бола тұра, егер жылтырап кеткен көлік дөңгелектеріне айыппұл салу енгізілсе, онда бұл ережеге сай аталмыш алдыңғы заң жобасын "қайта өзгертуге" тура келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети