15 тамыз 2019 12:09

Шілде айындағы үздік сатылымдағы автокөліктер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Өткен ай бойынша Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 автокөліктер көшін Toyota бастап тұр, - деп хабарлайды Елорда Инфо.


Өткен ай бойынша Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 автокөліктер көшін Toyota бастап тұр, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Шілде айында еліміздің автокөлік нарығы сенімді қарқынмен өсті. Оған себеп - осы сала бойынша көш бастаушы 3 брендтің өз өнімдерін диллерлерге өткізу көрсеткішінің өсуі. 2019 жылдың шілде айында жаңа автокөлік сату өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық болып шықты. Бір айдың ішінде 6 183 жеңіл автокөлік сатқан, одан бөлек 854 - ауыр жүк көлігі, арнайы техника және автобус сатылды. Жеті айдың ішінде жалпы автокөлік сату өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып, барлығы 39 115 автокөлік сатылды", - деп хабарлайды Қазақстанның автобизнес қауымдастығы.

Сонымен қатар, қауымдастық шілде айы бойынша Қазақстанда жиі сатылған ТОП-10 автокөлік тізімін жасады.

"Қазақстанда көп сатылған ТОП-10 авкөліктер көшін Toyota бастап тұр, шілде айында бұл марканың 1 425 данасы сатылды. Екінші орында Lada (1 417 дана), үшінші орында Hyundai (1384), төртінші орында Ravon (325), бесінші Kia (245), алтыншы Renault (244), жетінші Nissan - 192, сегізінші Skoda (168), тоғызыншы Lexus (139) және ондықты Jac авкөлігі аяқтайды өткен айда бұл марканың 126 данасы сатылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, шілде айында қазақстандықтар автокөлік алуға 375,1 млрд теңге (999,0 млн АҚШ доллары) жұмсаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети